Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ САПАСЫ НАЗАРДА

АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ САПАСЫ НАЗАРДА


    Сауда нүктелеріндегі тағам өнімдері мен ойыншықтарға тексеру жүргізіліп, адам денсаулығына зиян келтіретін заттар сатылымнан алынды. Бұл туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.
    Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті соңғы 3 жыл көлемінде өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіп келеді.
    Өткен жылы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін облыс көлемінде 168 сауда нысандарынан барлығы 2226 сынама сатып алынды. Тағам өнімдері адамның денсаулығы мен өмірінің сүру ұзақтығына тікелей әсер ететін фактор болып саналатындықтан, олар алынған тауарлардың 86% құрады. Сонымен қатар, балаларға арналған ойыншықтар, жасөспірімдерге арналған өнімдер, парфюмерлі-косметикалық, тұрмыстық химия, жеңіл өнеркәсіп және т.б. заттардан да сынама алынды.
    Нәтижесінде, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген 48 сынаманың  38 сынамасы (79%) тағам өнімдерінің үлесінде, оның ішінде 19 кулинариялық өнімдер, 7 сынама ет және ет өнімдері, 3 сынама көкөністер мен жеміс-жидектер, 2 сынамадан құс еті, сүт және сүт өнімдері, ұн, макарон, жарма өнімдері,  1 сынамадан тұз, кондитерлік және мамандандырылған өнімдер құрады. Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінен 3 сынама және балалар ойыншығының 7 сынамасынан  сәйкессіздік анықталды.
    Ұлбосын Аханаеваның айтуынша, тағам өнімдерінің ішінде сәйкессіздіктің ең жоғарғы көрсеткіші, яғни 50% аспаздық өнімдер құрап отыр. Әсіресе, Жамбыл облысында өндірілген шұжық өнімдері техникалық регламент талаптарына сай келмеді.
    Анықталған кемшіліктерге сәйкес 16 нысанға тиісті нұсқама берілген.

16 наурыз 2018 ж. 717 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области