Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, жақында ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамы Қазақстан аумағында таралмауына арналған жаңа қаулы жариялады.

«Ертеңгіліктер мен өзге де бұқаралық іс-шаралар мектептерде өткізілмейді. Осы орайда Бас санитар дәрігерінің шешімі болғандықтан, біз оны орындауға міндеттіміз. Сондықтан ертеңгіліктер мен басқа да мерекелік жиындар мектепте ұйымдастырылмайды», – деді А. Аймағамбетов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бір сыныптың ішінде мерекені өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады. Сонымен қатар тілшілер «омикрон» штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігі туралы сұрады.

«Қазіргі кезде бұл жайында айту ертерек. Біз Ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығару үшін мәліметтер жеткіліксіз болып тұр», – деді министр.
02 желтоқсан 2021 ж. 96 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области