Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Омикрон» штамына байланысты дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ

«Омикрон» штамына байланысты дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ

Kyzylorda-news.kz. «Омикрон» штамына байланысты алаңдаушылық бар, алайда дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Бұл туралы Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты.

Оның сөзіне қарағанда, «омрикон» штамы қазір Америка мен Еуропаның бірқатар еліне тарап үлгерген, енді біраз уақытта ол әлемнің әр түкпіріне жетеді.

«Бұл жолы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірден әрекет етті. Иә, алаңдаушылық бар, алайда дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. «Омрикон» штамы жайлы алғаш Оңтүстік Африкадағы Дурбан университеті жанындағы инновациялық эпидемиологиялық орталықтың докторы Tulio de Oliveira мәлімдеді. Оның командасы секвенирлеудің молекулярлы әдісімен 50-ден астам мутацияны анықтады. Соның 32-сі осы «омрикон» штамында болды. Әрине, бұрын-соңды болмаған мұндай мутация саны атышулы Дельта нұсқасындағы мутациялар санынан бірнеше есе жоғары әрі ғалымдардың алаңдаушылығын тудырды, ал ДДҰ тиісінше дүрбелең тудырды, – деп жазды профессор Алмаз Шарман Facebook-тегі парақшасына.

Сонымен қатар, ол коронавирустың жаңа штамдары вакцина алу деңгейі төмен елдерден шығып жатқанын жеткізді.

«Omicron нұсқасының пайда болу себептерінің бірі – ең алдымен, вакцина алмаған әрі иммун тапшылығы бар адамдардың ағасында вирустың ұзақ мерзімді репликациясы болуынан. Ондай адамдар Оңтүстік Африкада өте көп. Сондықтан бізге басты күшті вакцина алуға бөлу керек», – деп жазды ол.
02 желтоқсан 2021 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области