Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темірге құрмет көрсетілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темірге құрмет көрсетілді

Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темірді қабылдады.

Кездесуде қала әкімі Хұсейн Жүсіпұлын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа – тұс келген мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

«Ұлы қазақ елінің өнер керуені еш уақытта аялдамайды. Қазақ мәдениетіне зор үлесін қосып, өнер өлкесінде өрісін тауып, руханият әлеміне өзіндік із қалдырған тұлғаларымыз аз емес. Халқымыз Сізді де талантымен талайды тәнті еткен өнер майталманы, киелі сахнаның саңлағы, ұлағатты жолды жалғастырушы, мыңдаған шәкірттердің ұстазы, дарынды режиссер ретінде таниды. Сіз қашан да тыңнан тақырып тауып, әртүрлі стильдегі, сан қырлы жанрдағы қойылымдарды талғамы биік көрермендерге ұсынып, құрмет төрінен орын алдыңыз. Шекпеніңізден шыққан ізбасарларыңыз әрдайым мерейіңізді үстем қыла бергей», -деді қала әкімі.

Еңбек ардагері Хұсейн Жүсіпұлы көрсетілген ілтипатқа алғысын білдірді. Қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы мерейтой иесіне «Құрмет» грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.
03 желтоқсан 2021 ж. 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области