Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан бері масаң күйде көлік басқарған 476 жүргізуші анықталды

Қызылордада жыл басынан бері масаң күйде көлік басқарған 476 жүргізуші анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай рейдтерге күн-түн демей шыққан патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері масаң күйде көлік басқарған 476 жүргізушіні ұстады.

Осындай масаң күйде 2 желтоқсан күні таңғы уақыт 04:40 шамасында Қорқыт ата көшесінің бойында көлік құралының Жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. Дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 23 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығын анықтайды.

Көлік тізгіндеуші азамат 2021 жылдың шілде айында соттың шешімімен оның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болады.

Патрульдік полиция қызметкерлері өз жұмыстарын дереу атқарып, наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сай азамат орта дәрежедегі мас күйінде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Автомобиль қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
03 желтоқсан 2021 ж. 73 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области