Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бір күнде 351 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада бір күнде 351 құқық бұзушылық анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.

Бір тәулікте 9 қылмыстың беті ашылды. Тегіс ұңғылы атыс қаруды заңсыз алып жүрудің 3 дерегі анықталды. Бұл деректер Арал, Қармақшы және Шиелі аудандарында орын алған. Профилактикалық есепте тұратын барлығы 328 адам, жалға берілетін 31 пәтер тексерілді.

Полицейлермен жүргізілген іс-шараның бір күнінде 351 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Оның ішінде спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша – 21, көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы -3, ұсақ бұзақылық – 20, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 23, автокөлікті масаң күйінде басқару – 5, жолдың қарсы бағытына шығу бойынша – 2 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
06 желтоқсан 2021 ж. 120 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области