Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мұғалімдердің жалақысын 30 пайызға қысқартады»: Желіде тараған ақпарат қазақстандықтардың наразылығын туғызды

«Мұғалімдердің жалақысын 30 пайызға қысқартады»: Желіде тараған ақпарат қазақстандықтардың наразылығын туғызды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар WhatsApp желісінде жаңа жылда мұғалімдердің жалақысы қысқартылатыны туралы хабарлама таратып жатыр. Ақпаратта жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың 30 пайызына тең қосымша ақы алынып тасталатыны жайында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz.

«Мемлекет өзінің бет-бейнесін көрсетіп қойды. Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі. Бірақ олардың жаңартылған ақысын алып тастайды, яғни 30 пайызын азайтады», – дейді жазба авторы.

Шу туғызған ақпаратқа Білім және ғылым министрлігі түсінік берді. Басқарма жаңартылған білім мазмұны бойынша қосымша төлем бұрынғыдай төленетінін атап өтті.

«Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өсетінін еске салайық. Айта кетейік, 2020 жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға ал 2021 жылы тағы 25 пайызға өскен болатын», – деді министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Ол мемлекет басшысының қолдауының арқасында біліктілік санаты үшін қосымша төлемдер айтарлықтай ұлғайып, 30-дан 50 пайызға дейін көтерілгенін қосып өтті. Бұдан бөлек, Әбдуалиеваның айтуынша, қазақстандық мұғалімдердің оқу-жаттығу кітапшалары мен сынып жетекшілерін тексеруге арналған жәрдемақыны екі есеге арттырған.

Сөзін түйіндей келе министрлік азаматтарды тек ресми ақпаратқа сеніп, ғаламторда тараған қауесеттерге мән бермеуге шақырды.
06 желтоқсан 2021 ж. 97 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области