Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Бастау Бизнес»: Жаңақорғанда 392 адамның қаржыландырылды

«Бастау Бизнес»: Жаңақорғанда 392 адамның қаржыландырылды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Жаңақорған ауданында «Бастау Бизнес» жобасын оқыған 392 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков айтты.

Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы жергілікті әкімдіктің берген жолдамасы негізінде 509 азаматты оқытуды ұйымдастырды. Нәтижесінде жоба бойынша оқыған азаматтардың ішінде 392 жаңақорғандық «Еңбек» бағдарламасы аясында 228,6 млн теңге қайтарымсыз қаржы алып, кәсібін бастап кетті. Әр жобаға берілген қаржы 200 айлық есептік көрсеткіш.

Аудандық филиал директоры Асылжан Жолдасбеков жалпы осы жылдың 10 айында ауданда құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 860 жоба қаржыландырылғандығын жеткізді.

Атап айтқанда:
  • «Өңірлік инвестициялық орталық» микроқаржы ұйымы арқылы құны 100 млн теңгеге 14 жоба;
  • «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасымен құны 283,8 млн теңгеге 84 жоба;
  • «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы құны 470,5 млн теңгеге 64 жоба;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы құны 65 млн теңгеге 3 жоба;
  • «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы құны 253,7 млн теңгеге 21 жоба несиелендіріліп,
  • «Еңбек» және «Бизнесті жол картасы – 2025» бағдарламалары шеңберінде 674 жобаға 397,6 млн теңге грант берілген.
  • Асылжан Жолдасбеков бұдан басқа ауданда салынып жатқан құс фабрикасына 2,8 млрд теңгенің қаржысы тартылғанын айтты. Аталмыш жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландырылуда.

Жыл басынан Палатаның аудандық филиал кеңесшілері кәсібін жүргізуге ниетті азаматтарға 1425 кеңес беріп, 352 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетті (бухгалтерлік және салықтық есептіліктерін тапсырып, бизнес-жоспарларын әзірлеп берген, т.б.).

Жаңақорған ауданының кәсіпкерлері үшін Палатаның аудандық филиалының мекен-жайы: Жаңақорған кенті, Хорасан ата көшесі, №177 б үй, тел.:8/72435/79120.
06 желтоқсан 2021 ж. 106 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области