Сырдарияда 2,5 млрд теңгені құрайтын 488 жоба қаржыландырылды
Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 488 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Сырдария аудандық филиалының директоры Ерлан Абдикеров айтты.
Сырдария ауданында 2611 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 2434-і тұрақты жұмыс істеп тұр.
Биыл ауданда түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын 488 жоба қаржыландырылды.
Атап айтқанда:
– «Еңбек» бағдарламасы бойынша құны 355,6 млн. теңгенің 74 жобасы несиелендірілді.
– Осы бағдарламаның аясында стартап жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 235 адамға 137,1 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
– «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 80 кәсіпкерлік субъектісі 506,3 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жасауда.
– Осы бағдарламаның қайтарымсыз грант беру тетігі бойынша 8 жобаға 23 млн. теңгеге қаржыландырылды.
– «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы арқылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 21 кәсіпкерлік субъектісі 90 млн. теңге несие алды.
– «Агробизнес-2020», «Кең дала» және «Сыбаға» бағдарламалары бойынша құны 293,5 млн. теңгенің 11 жобасы несилендірілді.
«Осы жылы Палатаның аудандық филиалдағы кеңесшілері кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтар мен бизнес өкілдеріне 983 кеңес берді. Кеңес берілген азаматтардың 149-ы қайтарымсыз қаржы, несие алып кәсіптерін жүргізіп жатыр», – дейді филиал директоры Ерлан Абдикеров.
Сырдария ауданының кәсіпкерлері үшін Палатаның аудандық филиалының мекен-жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, № 12 А үй, тел.: 8/72436/79179.