Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерінің 62,5 пайызы ревакцинациядан өтті

Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерінің 62,5 пайызы ревакцинациядан өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында 867 медицина қызметкерінің 91,9 пайызы толық вакцина салдырған. Бүгінде орталық қызметкерлерінің арасында ревакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов хабарлады.

«Облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп келеді. Ақ халаттылар екі жыл қатарынан провизорлық стационарда жұмыс істеп, науқастарды індеттің ілмегінен арашалауға бар күштерін салды. Қазіргі таңда біздің қызметкерлер КВИ-ға қарсы вакцина салдыруда белсенділік танытуда. Сондай-ақ, ревакцинациядан өткен мамандарымыздың қатары көбейіп келеді. Барша облыс тұрғындарын індеттен қорғануға шақырамын», – деді Аман Бөкенбайұлы.

«Облыста эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты. Дегенмен, әлі күнге дейін қауіпті дертке шалдығып жатқан науқастар тіркелуде. Коронавирус індетін жоюдың бір жолы – вакцина салдыру екені барлығымызға мәлім. Осыған орай, қалалық емханалармен бірлесе отырып, облыстық психикалық денсаулық орталығының 62,5 пайыз маманы «Qazvac» екпесімен ревакцинациядан өтті», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығының эпидемиолог дәрігері Салтанат Қалмырзаева.
08 желтоқсан 2021 ж. 95 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области