Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның жұмысы қорытындыланды

«Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның жұмысы қорытындыланды

Kyzylorda-news.kz.  «Байқоңыр» кешені бойынша жетінші үкіметаралық комиссияның жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды Үкіметтің сайтына.

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Юрий Борисовтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Байқоңыр» кешені бойынша жетінші үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы шығарылды.

Келіссөз барысында тараптар «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану және одан әрі дамыту перспективаларына, сондай-ақ Байқоңыр қаласының тіршілік деңгейін жақсартуға қатысты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы бағыттарын талқылады. Үкіметаралық комиссия мүшелері «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құрудың бірлескен жобасына ерекше назар аударды, шаралар тізбесі мен жүзеге асыру мерзімдері белгіленді. Кешен мүлкін ұтымды пайдалану, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы жаңғырту міндеттері де қарастырылған.

Жиынға қатысушылар аймақ пен ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығына, кешеннің пайдаланылмай тұрған нысандарын жалға беруден шығару, есептен шығару және кәдеге жарату мәселелеріне жеке-жеке тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сарапшылар өзара қолайлы шешімдер тапты, бұл ҮАК отырысының хаттамасында көрсетілген.

Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және «Байқоңыр» кешенінің стратегиялық бағыттарындағы міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін қажетті әлеуеттің бар екенін атап өтті.
13 желтоқсан 2021 ж. 89 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области