Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мыңнан аса волонтерлердің мәлімет қоры жасақталды

Қызылордада мыңнан аса волонтерлердің мәлімет қоры жасақталды

Kyzylorda-news.kz. Биыл облыста «Сыр волонтерлері» волонтер жастармен жұмыс жасау орталығы ашылды. Бүгінде 1000-нан аса волонтерлердің мәліметтер қоры жасақталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Өңірде волонтерлер тобын құру және оның қызметін ұйымдастыру бойынша «Bilim», «Saýlyq», «Sabaqtastyq», «Qamqor», «Taza Alem», «Asyl mura», «Úmіt» бағыттарына сәйкес түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанында облыстық волонтерлер слетін өткіземіз. Аталған шара аясында интеллектуалдық сайыстар, диалогтық алаң, мәдени орындар мен мұражайларға саяхат ұйымдастырылады. Шара соңында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын марапаттау рәсімі өтеді», – деді «Ай-Қанат» ҚБ атқарушы директоры Ардақ Әукенов.

Аймақта облыстық волонтерлер фронт-офисынан бөлек барлық аудандарда да фронт-офистер жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» марафоны, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы аясында 1476 шара ұйымдастырылса, аталған шараларға 61660 тұрғын қамтылған.

«5 мыңнан астам мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 3 мың отбасының мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары, мүгедектігі бар азаматтар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 58 компьютер мен 2 ноутбук табысталды», – деді облыстық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетов.
15 желтоқсан 2021 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области