Облыстық психикалық денсаулық орталығының 60 пайызы ревакцинациялаудан өтті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығында 867 медицина қызметкері бар болса, оның 91,9 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған. Ал қайта вакцинациялаудан 60 пайыз қызметкер өтті.
Бүгінде өңірімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Еліміз бойынша өңірлердің басым көпшілігі «жасыл аймақта». Дегенмен, әлемде коронавирустың мутацияланған қауіпті түрлері пайда болуда. Сондықтан халықты барынша вакцинациялауға шақырамын. Облыстық психикалық денсаулық орталығының 60 пайыз медицина қызметкері ревакцинациялаудан өтті. Қайта вакцинациялау бойынша үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деді Гүлнар Алтынбасова.
Ғалымдар вакцина салғаннан кейін ағзада шамамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болатынын айтады. Антидене вирусты анықтап, оған қарсы қалай күресу керегін біледі. Сол себепті ревакцинация ағзаның вируспен күресу қабілетін арттырып, адамды жаңа штаммдардан қорғайды.
Вакцинаның үшінші дозасын бірінші кезекте 60 жастан асқан адамдар мен өздігінен зерттеуден өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар салдырады, – облыстық психикалық денсаулық орталығының мейірбикесі Майра Құрақбаева.