Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің бас шыршасы жағылды

Еліміздің бас шыршасы жағылды

Kyzylorda-news.kz. Елордада «Нұр Әлем» сферасының алдындағы алаңда еліміздің жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтті.

25 метрлік шырша қала тұрғындары мен қонақтарының қуанышына айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биіктігі 25 метр болатын шыршаның диаметрі 10 метрге жетеді. Ал салмағы – 4048 кг.

Шырша шамдарын жағу рәсіміне Аяз ата мен Ақшақар, спортта, оқуда, шығармашылықта жетістікке жеткен елордадық жасөспірімдер қатысты.

Шыршаға бір сәтте 1600-ден астам жаңа жылдық шарлар, 300-ге жуық үлкен және кішкентай ақ ұлпалар ілінді.

Бүгін керемет мереке, әсіресе балалар үшін. Отбасымызбен бірге қаладағы ең үлкен шыршаны көруге, коньки тебуге және таза ауада демалуға келдік. Оның үстіне ауа райы өте қолайлы болып тұр, – деп қала тұрғыны Анастасия алған әсерімен бөлісті.

Кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, оның ішінде Ринат Малцагов, Маржан Арапбаева, балалар хоры және т.б. өнер көрсетті.

Біз осы маңға жақын жерде тұрамыз. Серуендеп жүріп, жұрттың ақырындап жиналып жатқанын көрдік. Көп ұзамай шыршаның шамы жағылып, мерекелік концерт қойылды. Мұндай көңіл-күй жаңа жылдың жақындағанын еріксіз еске салады, – деді елордалық Меруерт Қайыпова.

Айта кету керек, елорданың барлық ауданында мұз қалашықтар, жаңа жылдық шыршалар, Аяз Ата мен Ақшақар, аққала және өзге де атрибуттар орнатылды.
20 желтоқсан 2021 ж. 70 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области