Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Qazaqstan дауысының» финалында екі қызылордалық өнерпаз бақ сынайды

«Qazaqstan дауысының» финалында екі қызылордалық өнерпаз бақ сынайды

Kyzylorda-news.kz.  Елімізде Qazaqstan ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Qazaqstan дауысы» жобасы мәресіне жақындады.

Аталған жоба 4 ай бойы музыкалық бағдарламалар арасында топ жарып, рейтинг бойынша көш бастап тұр.

Финалда қатысушылар ғана емес тәлімгерлер де бәсекеге түседі. Соңғы айналымда әр үміткер екі әннен орындайды: жеке және тәлімгерімен бірге дуэтте ән шырқайды.

Ақтық мәре 25 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 19-30-да Qazaqstan ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Музыкалық байқаудың жеңімпазын көрермен SMS дауыс беру арқылы анықтайды.

«Qazaqstan дауысының» финалына жолдама алған үміткерлердің қатарында қызылордалық Ернар Амандық пен Құралай Мейрамбек те өнер көрсетеді. Олардың тәлімгерлері Майра Мұхамедқызы мен Сәкен Майғазиев.

Сыр елінің намысын қорғап, мәдениет майталмандарының ізін жалғаған жерлестерімізге қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырамыз.

23 желтоқсан 2021 ж. 82 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области