Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ РЕСМИ ТАРАТУШЫСЫ - «QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ РЕСМИ ТАРАТУШЫСЫ - «QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ

Орталық коммуникациялар қызметінде FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатына орай баспасөз мәслихаты өтті.Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысты.
Ерлан Қариннің айтуынша, әлемдік деңгейдегі маңызы зор беделді футбол чемпионатын «Qazaqstan» және «QAZSPORT» телеарналары көрсететін болады. Біздің көрермендер дүниежүзі доп додасының барлық 64 матчын толығымен көре алатын болады. Сондай-ақ, осы әлем чемпионаты аясында бірнеше арнайы жобалар көрсетуді жоспарлаган. Мысалы, 14 маусымнан бастап, 15 шілдеге дейін «Ресейдегі футбол тойы» атты ақпараттық-сараптамалық бағдарлама әр ойынның алдында шығатын болады. Бұл бағдарламада алдағы ойындардың ерекшеліктері талданатын болады. Сонымен қатар, өткен матчтарға байланысты күн сайын және апталық шолулар жасалатын болады. Қазіргі сәтте «Әлем чемпионатының тарихы» атты ақпараттық-танымдық хабар эфирде жүріп жатыр. Бұл хабарда 1930-2014 жылдар арасындағы футбол бойынша әлем чемпионатының қысқаша тарихы мен қызықты оқиғалар жайлы деректер қамтылған. Одан басқа, 14 маусым күні «Qazaqstan»Ұлттық арнасының эфирінен тікелей Қазмедиа орталығының медиафасадында әлем чемпионатының Ашылу рәсімі мен Ресей - Сауд Арабия ойындарының топтық кезеңін көрсет жоспарлаган. 14 маусым күні, 19:30-да Астанамыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын осы шараны ашық аспан астында бірге тамашалауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейде ФИФА-2018 футболдан әлем біріншілігі өтеді. ФИФА-ның 21-ші әлем чемпионаты Ресей Федерациясының 11 қалаласында өтеді.
Айта кетейік, "Қазақстан" РТРК" АҚ құрамындағы «Qazaqstan» және «QAZSPORT» телеарналары бірден футболдан екі әлем чемпионатын (2018 және 2022 жылдар) трансляциялауға құқық ала отырып, 6 жылға келісім жасасқан болатын.
Әлем чемпионатының алғашқы ойын 14 маусым күні Ресейдегі «Лужники» стадионында өтеді. Топтық кезең 28 маусымда аяқталса, финалдық ойындар 15 шілде күні мәресіне жетеді. Бұл жарысқа әлемнің ең таңдаулы 32 ұлттық құрама қатысады.                                
07 маусым 2018 ж. 717 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области