Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "MEN QAZAQPYN" ЖОБАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ІРІКТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

"MEN QAZAQPYN" ЖОБАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ІРІКТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ


Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Men qazaqpyn» жобасына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.
Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аймақтарды дамыту дирекциясының директоры Ержанар Әшейхан мен «Qazaqstan» Ұлттық арнасының арнайы жобалар бөлімінің жетекшісі Қуаныш Сүлейменов қатысты.
Айта кетейік, 2018 жылдың мамыр айынан бастап «Men qazaqpyn» жобасының екінші маусымына іріктеу кезеңдері басталған болатын.
Ержанар Әшейханның айтуынша, «Men qazaqpyn» халықаралық мега-жобасы былтыр ел көлемінде 14 облыс орталығы мен Астана, Алматы қалаларында өткен.
– Биылғы жыл дәл қазіргі уақытқа дейін 176 елдімекенде өткіздік. Жоба жалпыхалықтық сипатқа ие болды деп сеніммен айтуға болады. Бүгін Ақтөбе облысының Темір ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында өткізіледі.
183 аудан орталығы, облыстық маңызы бар қалаларды қамтыған аудандық іріктеудің соңғы күні 19 маусым деп белгіленген.
Жалпы, қатысушыларға тоқталсақ. Бүгінге дейін 1300-дей өнерпаз аудандық іріктеулерде бақ сынады. Оның 391-і дара шығып, облыстық іріктеуге жолдама алды. Кеше, 5-маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «Men qazaqpyn» халықаралық мега-жобасының облыстық іріктеуі өткізілді. 270-дей адам сайысқа түсіп ән, күй, жыр-терме номициялары бойынша жеңімпаздар анықталды, - деді ол.
Жобаның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші-термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу, төл өнеріміз - күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.
««Men qazaqpyn» халықаралық мега-жобасының ІІ маусымына қатысушылар 3 мемлекеттен (Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Моңғолия) қатысады.
Ресей Федерациясы Астрахань өңірінен күй номинациясы бойынша 8 адам қатысып, 2 күйші жобаға қатысуға жолдама алды. Бүгінде республикамыздың әр өңірінде мега жобаның іріктеу кезеңдері кестеге сай өткізіліп жатыр.
Облыстық, қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен әр номинация бойынша 1 өнерпаздан мега-жобаға жолдама алады. «Men qazaqpyn» мега-жобасының ІІ маусымы осы жылдың қыркүйек айының бірінші аптасынан бастап эфирге шығады. Ал, финалдық кезеңі 2018 жылдың 16 желтоқсанына жоспарланып отыр»,- деді Қуаныш Сүлейменов.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникация министрілігінің қолдауымен «Qazaqstan» РТРК» АҚ бірлесіп, 2017 жылы «Мен қазақпын» атты халықаралық телевизиялық мегажобасын алғаш рет жүзеге асырған болатын.



06 маусым 2018 ж. 683 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области