Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАЛА ДАУЫСЫ» БАЛАЛАР ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫ

«БАЛА ДАУЫСЫ» БАЛАЛАР ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫ


    Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының үшінші маусымы 2018 жылдың 15 наурызында басталады. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен өтеді.
    Байқаудың негізгі мақсаты - музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу.
    Биыл «Бала дауысы» байқауы жаңа форматта өтеді.
    15 наурыздан 15 сәуірге дейін еліміздің шалғай аудандарында тұратын балаларды барынша қамту мақсатында байқаудың www.notka.kz ресми сайтында онлайн-іріктеу өтеді. Байқауға 8 жастан 12 жасқа дейінгі әрбір бала дайындық деңгейіне қарамастан,  қатыса алады. 18 ең үздік балалар дауысы ғана байқаудың Супер финалына жолдама алады.
    26 мамыр Астана қаласында «Бала дауысы Астана жүрегінде» атты Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеші өтеді.
    Күз айында еліміздің үздік 18 дауысы «Жұлдызды арман үйінде», Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек»  Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне  дайындайды.
    27 қазаннан бастап әр сенбі сайын КТК телеарнасынан бүкіл ел өз сүйікті қатысушысына дауыс беріп қолдай алады.
    8 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында супер-финал өтеді! Көрерменде финалистердің қатысуымен өтетін қайталанбас шоудың куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.
    Барлық финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ал, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға  Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.
    Толық ақпарат www.baladauysy.kz. сайтында.

15 наурыз 2018 ж. 1 453 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области