Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада шіркеу қызметкерлері сотталғандармен кездесті

Қызылордада шіркеу қызметкерлері сотталғандармен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық «Казанской иконы Божией матери» шіркеуінің бас қызметшісі Виталий Ивашинин ЗК-169/5 мекемесіндегі сотталушылармен кездесті.

Кездесуде дін өкілі «Тәубеге келу» тақырыбында насихат жүргізіп, мұсылман немесе христиан болсын шынайы тәубеге келудің маңызы зор екендігін түсіндірді.

Мекемеде жазасын өтеушілер арасында 8 сотталушы православтық бағытын ұстанады. Олар осы жүздесу барысында өздерінің жасаған күнәларына өкінетіндіктерін, тәубеге келу арқылы өз күнәларынан арылғысы келетіндерін айтты.

Кездесу соңында шіркеу қызметшісі алдағы уақытта христиан дінінің православ бағытын ұстанушы сотталғандарды күнәларынан арылту үшін діни рәсімдер жасайтынын жеткізді.
23 желтоқсан 2021 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области