Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Омикрон нұсқасы Дельта штамына қарағанда жұғу жылдамдығы 36% жоғары

Коронавирус: Омикрон нұсқасы Дельта штамына қарағанда жұғу жылдамдығы 36% жоғары

Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа Омикрон нұсқасының таралуы туралы деректерді талдау барысында дәрігерлер оның SARS-CoV-2 бастапқы нұсқасынан екі есе жұқпалы, ал дельта штамынан 36% жылдам жұғады деген қорытынды жасады. Талдау нәтижесі medRxiv сайтында жарияланды.

Омикрон – коронавирустың жаңа түрі (B. 1.1.529). Ол Оңтүстік Африка мен Африканың басқа мемлекеттерінің аумағында осы жылдың күзінің соңында тарала бастады. Қазір әлемнің 80-нен астам мемлекетінде анықталды. Ғалымдардың пікірінше, Омикрон Дельта штамына қарағанда әлдеқайда жұқпалы, бірақ әзірге дәрігерлер бұл тұжырымды толық растау үшін жеткілікті мәліметтер жинаған жоқ.

Жаңа зерттеуде Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Джеффри Шаманның басшылығымен америкалық дәрігерлер бұл олқылықтың орнын толтырды. Ғалымдар Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясындағы соңғы бірнеше аптадағы мәліметтерді талдады.

Осы деректерге сүйене отырып, зерттеушілер Оңтүстік Африкада SARS-CoV-2 таралуының компьютерлік моделін құрастырды. Онда жергілікті дәрігерлердің инфекцияны қаншалықты жиі анықтағаны, ПТР сынақтары және вирус үлгілеріне геномдық талдау жүргізілгені ескерілді. Шаман мен оның әріптестері пандемияның бірінші және кейінгі толқындары кезінде COVID-19 қоздырғышының қалай тарағанын салыстырды.

24 желтоқсан 2021 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области