Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтардың үздік туындылары

Қызылордалықтардың үздік туындылары

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Заң» медиа-корпорациясы» Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауын ұйымдастырған еді.

Түркістан қаласында өткен байқауға 104 шығарма түсіп, олардың 14-і жүлделі болған.

Ал, алғашқы үш жүлделі орынның үшеуін де қызылордалықтар жеңіп алды.

Республикалық «Таң-Шолпан» журналының бас редакторы, белгілі жазушы, Жалағаш ауданының тумасы Нұрлыбек Саматұлының «Жапыраққа жұққан қан» атты деректі әңгімесі бас жүлде, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, Қазалы ауданынан шыққан қаламгер Абай Аймағамбеттің «Жаза» әңгімесі 1-орын, Ішкі істер саласының құрметті қызметкері, полиция полковнигі, Жалағаш ауданының құрметті азаматы Әмірбек Шаймағанбетовтің «Шымкентский транзит надежды» атты орыс тіліндегі деректі әңгімесі 2-орын жүлдесін иеленді.

Байқауға Түркістан облыстық соты демеушілік жасап, жүлдегерлердің бәрін де ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Біз сөз өнерін ұстаған Сыр бойының үш перзентін жеңістерімен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің мәртебесін қалам қасиетімен көтере беріңіздер дейміз.
28 желтоқсан 2021 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области