Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлия Әбдіқайымова: Мереке күндері де санитарлық талаптар сақталуы қажет

Әлия Әбдіқайымова: Мереке күндері де санитарлық талаптар сақталуы қажет

Kyzylorda-news.kz. Мереке күндері облыс бойынша құрылған 167 жұмысшы топ карантин талаптарының сақталуын бақылайтын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

Аймағымызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты.

«COVID-19» бүгінгі күнге дейін бірнеше рет мутацияланды, түрлі штамдары пайда болды. Жүйелі түрде жүргізілетін толық геномды секвенирлеудің нәтижесі бүгінгі күні айналымда «дельта» штамының басым екендігін көрсетіп отыр және елімізде «омикрон» штамы анықталған жоқ. Карантиндік шаралардың кезең-кезеңімен жеңілдетілгеніне қарамастан әлі де бірқатар шектеулердің бар екендігін ұмытпаған жөн. Мереке күндері облыс бойынша құрылған 167 жұмысшы топ карантин талаптарының сақталуын бақылайтын болады. Сондықтан түсіністік танытып, талапты жауапкершілікпен орындауды сұраймыз, – деді Әлия Мүтәліпқызы.

Мереке күндері тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, дайын өнімдердің дұрыс сақталмауы, тағамдарды дайындау процесінде жеке гигиена қағидаларының орындалмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдері улануға әкеп соғады. Сондықтан мамандар сақ болуды ескертеді.
29 желтоқсан 2021 ж. 78 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области