Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда көпбалалы отбасыларға баспана кілті табысталды

Сырдарияда көпбалалы отбасыларға баспана кілті табысталды

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 8 баспананың кілтін көпбалалы отбасыға табыс етті.

Ауданға қарасты Айдарлы, Аманкелді, Бесарық ауылдық округінде болған аудан басшысы мереке қарсаңындағы зор қуаныштың куәсі болып, тұрғындарды жаңа баспаналарымен құттықтады.

«Баспанаға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасылар үшін мемлекетімізде тиісті жағдайлар жасалғаны белгілі. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл қуаныш аналарға көрсетілген мемлекеттік көмек. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке, амандық тілеймін» – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.

Мереке қарсаңында қуанышы еселенген жанның бірі – Света Бажиева. 6 перзентті дүниеге әкелген жас ана 2013 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болғанына өз ризашылығын білдірді.

«Жыл аяғында мен үшін қос мереке қатар келіп, үлкен қуанышқа кенеліп отырмын. Жаңа жылды жанұямызбен жаңа баспанада қарсы алатыныма бақыттымын. Көпбалалы аналарған көрсетілген мемлекеттің көмегі үшін аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарын жүргізген сала мамандарына үлкен алғысымды білдіремін», – деді қуаныш иесі.

Еске сала кетейік аталған мемлекеттік бағдарлама аясында ауданға қарасты 11 елді мекенде 33 тұрғын үй салынды. Мемлекеттік бағдарлама игілігін тұрғын үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен, көпбалалы аналар көреді деп жоспарлануда.

31 желтоқсан 2021 ж. 1 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области