Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАН БӘЙТЕРЕГІ-АСТАНА

ҚАЗАҚСТАН БӘЙТЕРЕГІ-АСТАНА


    «ҚазҒарышСапары» АҚ-ның Байқоңыр филиалының ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай «Қазақстан Бәйтерегі-Астана» атты мемлекеттік тілде шығарма жазу байқауы өтті.
    Байқауға Байқоңыр қаласындағы 5 қазақ мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатысып, өздерінің мемлекеттік тілде шығарма жазу мүмкіндіктерін байқап көрді.
    Бұл шараның басты мақсаты: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанымызды мақтан тұту және Елордамыз Астананың мәртебесін көтеру»,- деп атап өттішара ұйымдастырушысы «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі Кенжегүл Мұханова.
    Байқау ережесіне сәйкес оқушыларға 45 минут уақыт берілді. Тәуелсіздігіміздің символы болып табылатын Астана туралы жазылған шығармаларды филолог мамандар мен ұстаздар тексерді. Нәтижесінде №275 орта мектеп оқушысы Аида Қожамұратова I-орын, №273 мектеп оқушысы Айби Қарасай II-орын, ал №274 орта мектеп оқушысы Бекзат Бақытжанов III-орынды иеленіп өзгелерден озып шықты.
    «Мен бүгін осы байқауға қатыса отырып, өзімнің білімімді, әлеуметтік және творчестволық белсенділігімді арттыруға мүмкіндік алдым деп айта аламын. Биыл Елордамыздың туған күні. Мен жайдары халқы, көрегенді Елбасы, әлем сүйсініп қарайтын Астанасы бар Қазақстанда тұратынымды мақтан тұтамын»,- деп өз ойымен бөлісті байқау жеңімпазы №275 орта мектеп оқушысы Аида Қожамұратова.
    Байқау қорытындысы бойынша ең үздік шығарма иелері арнайы дипломдар мен  естелік сыйлықтармен марапатталды.

14 наурыз 2018 ж. 872 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области