«ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАЛАШЫҚТАҒЫ» НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Қала орталығына киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетілді.
Жұртшылық спорттық шараларды тамашалап, мерекені көтеріңкі көңіл күймен өткізді.
Сонымен бірге қала орталығында жәрмеңке ұйымдастырылып, арзандатылған бағамен азық-түлік өнімдері сатылды.

























