Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙТУЛЫ КҮННІҢ АЙТАРЫ МОЛ

АЙТУЛЫ КҮННІҢ АЙТАРЫ МОЛ


Арал теңізінің өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартыла бастағаны мәлім. Теңіздің кепкен табанынан ұшқан тұз әлем назарын Арал теңізіне аударды. Арал теңізін қайта қалыпқа келтіру мақсатында Халықаралық Аралды құтқар қоры көп жылдан бері табанды жұмыс жасап, теңіз төскейіндегі бір қауым елдің әлеуеттін арттыруға көмек көрсетіп келеді.
  Өткен 2017 жылдың 30 мамыр күні Қызылорда облысында өткен форумда 26 наурыз «Арал теңізі күні» деп белгіленген болатын. Міне, осы күні «Халықаралық Аралды құтқару қорына» 25 жыл толып отыр. Осыған орай «Халықаралық Аралды құтқару» қорының Қазақстан Республикасы бойынша атқарушы директорының орынбасары Марат Нарбаев Арал ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді.
  Мәртебелі мейман алдымен Арал қаласындағы «Рәміздер алаңына» ат басын бұрды. Осы жерде қонақтар көшет отырғызды. Айтулы күннің шарасы «Барсакелмес табиғи мемлекеттік қорығы» мекемесінде келелі жиынға жалғасты. Оған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты. Алқалы басқосу барысында Арал теңізі қалпына келтіру жолында жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылып, кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, Арал теңізін кұтқару бағытында жұмыс жасап жүрген қызметкелерге Алғыс хаттар табысталып, мерекелік шараларға белсенді қатысатын оқушыларға сый сияпат жасалды.
  Аралдағы мерекелік басқосу аудандық оқушылар үйінің бүлдіршіндері әзірлеген мерекелік бағдарламаға ұласты.
26 наурыз 2018 ж. 830 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области