Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АЛУҒА ДАЙЫН – М.ӘШІМБАЕВ

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АЛУҒА ДАЙЫН – М.ӘШІМБАЕВ

  Сьезд соңында қорытынды құжат қабылданды.
 Қорытынды құжатты Мәулен Әшімбаев жастардың жаңғырту процестеріне бағытталған жаңашыл көзқарстарының озық үлгісі ретінде атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
  Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы әрдайым жастарға қолдау көрсетіп, тәуелсіздіктің барлық жылдары жас буынның сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасап жатқанын айтты.
  "Кешенді жаңғырту бағдарламасында дүниежүзі бойынша дамыған 30 елдің қатарына ену мақсаты бар. Осы мәселеде жастарға аса мән берілген. Жаңғырту үрдісіндегі қозғаушы күш ол - жастар. Сіздердің бастамашылдықтарыңыз, күш-қуат, ақыл мен креативті ойлау қабілеттеріңіз Елбасы айшықтап берген стратегиялық бағыттың жүзеге асырылуының бұлтартпас кепілі болып табылады. "Жас Отан" бүкіл Қазақстан жастарының абыройлы өкіліне айналуы тиіс. Бүгінгі сьезд жастар интеграциясының ел жаңғыруы жолындағы негізгі бағытына айналуы тиіс", - деді Мәулен Әшімбаев.
  Сьезд соңында қорытынды құжат қабылданып, жасотандықтар алдарына маңызды стратегиялық мақсаттар қойып, елде жүргізіліп жатқан жаңғырту процестеріне белсене араласудың бағыт-бағдарын бірауыздан бекітті.
  "Біз сьезді жаңа креативті форматта өткіздік. Және бұл барлық қатысушыларға да ұнаған болар деген үміттемін. Аймақтардан келген делегаттар партия жанындағы жастар қанатының мән-маңызы мен болашағын талқылады. Олар көп үміт күттіретін ойлармен бөлісіп, нақты жобаларды ұсынды. Бүгінгі сьезд жастар Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілік ала алатының және Елбасымен 21 ғасырда жаңа Қазақстанды дамытуға дайын екенін көрсетті" - деп атап өтті ол.
  Әшімбаев барлық жасотандықтарды маңызды құжаттың қабылдануымен құттықтады.
  "Біздің қорытынды құжаттың тезистері кешегі бес сессия барысында талқыланған ұсыныстар негізінде жасалып отыр. Ол Қазақстанның жаңғыруына бағытталған.Осы сьезд арқылы жаңа әлемге ұмтылып, дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Мақсатымыз - анық, бағыт-бағдарымыз – айқын. Алдымызда Елбасы белгілеп берген абыройлы міндеттер тұр. Сол көздеген межеге қол жеткізу үшін, жұдырықтай жұмылып жұмыс істейік. Елбасының игі бастамаларын жүзеге асыруда әрдайым бірліктің биігінен көрінуге тиіспіз" - деді Мәулен Әшімбаев.
29 наурыз 2018 ж. 561 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области