Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АМАН ТӨЛЕЕВ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

АМАН ТӨЛЕЕВ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев РФ президенті Владимир Путинге өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш тапсырды, деп хабарлайды ТАСС.
   А. Төлеев Кемероводағы қайғылы оқиғадан соң ең дұрыс шешім осы екенін мәлімдеген. «Бұл өзім үшін дұрыс, сарапқа салынған, ең әділ шешім деп есептеймін, өйткені мұндай ауыр жүкпен губернатор болып отыру керек емес, моральдық тұрғыдан мүмкін емес», - деді ол.
   «Кемеровода 25 наурызда болған жантүршігерлік қайғылы оқиғаға қабырғамыз қайысып отыр. Біз 64 адамнан айырылдық, олардың көпшілігі - балалар, біздің балаларымыз. Әрқайсымыз осынау ауыр қайғыны жүрегімізден өткіздік», - дейді Аман Төлеев.

    Сонымен қатар ол қолынан келгеннің бәрін істегенін айтты. «Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім, көмек көрсету мәселелерін шешуге тырыстым. Зор қайғыға тағы бір рет ортақтастық білдіремін. Бірақ өмір сүру керек қой, марқұмдар жадын сақтау үшін өмір сүру керек», - деді губернатор. «Құдай алдындағы адалдығымды айтайын, мен өз қызметімде әрқашан елдің, Ресейдің мүддесін, облыстың мүддесін ойладым. Баршаңызға үнемі, қуанышымда да, қайғымда да бірге болғандықтарыңыз үшін тағы бір рет рахмет. Тағзымымды қабыл алғайсыздар», - деді Аман Төлеев.
    73 жастағы Аман Төлеев Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарып келеді.
01 сәуір 2018 ж. 656 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области