Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КРИШТИАНУ РОНАЛДУҒА ҚАЗАҚ ШАПАНЫН КІМ ТІКТІ?

КРИШТИАНУ РОНАЛДУҒА ҚАЗАҚ ШАПАНЫН КІМ ТІКТІ?


Әйгілі ойыншы Криштиану Роналдуға арнайы тігілген дизайнерлік киім туралы "Нұр-Шах" сән үйінің директоры Нұржамал Нұрпейісова айтып берді, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Лада" сілтеме жасап.
  Ол эксклюзив қазақи шапанды аз уақытта тігіп шыққанын айтады. "Реал Мадрид" клубының шабуылшысына бұл шапанды қазақстандық компаниялардың бірі тарту еткен.
  "Шапанды Нұр-Шах" сән үйінің қызметкерлері тікті. Ол велюрден жасалды, себебі оған өрнектер әдемі салынады. Тапсырыс берушілердің басты сұранысы шапан ұзартылған сюртук тектес, ұлыбританиялық жаға, қалта, қазақтың ою-өрнегі мен күн сәулесінің астындағы бүркіт самғап тұруы тиіс болды. Бұл дербес әрі қайталанбас тапсырыс болды", - дейді Нұржамал Нұрпейісова.
Сонымен қатар, оның бөркі де бар.
  "Біз шапанды спортшылар үшін және басқа елден келген қонақтар үшін тіктік. Менің арманым бар - біздің чемпион Геннадий Головкинге шапан тігіп бергім келеді. Алайда Криштиану Роналдуға шапан тігеміз деп еш ойламаппын! Мен оның барлық жетістікке өзі жеткені үшін тәнтімін, оны қатты құрметтеймін. Оның өзіне және командасына жанкүйермін", - деді Нұржамал Нұрпейісова.


03 сәуір 2018 ж. 1 356 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области