Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЙЕКЕШТІҢ ӘДЕТІ

ӘЙЕКЕШТІҢ ӘДЕТІ


“Ауру қалса да әдет қалмайды” деген рас екен. Өткен жолы біздің сайтта жарияланған «Шатақты жеңген шапан» хикаясындағыдай кезекті бұл әңгіме де әдетке қатысты. Және оқиғасы да сол жүз шайыр шыққан ауылда ілгеріде болған.
  Төбелесті көсеп, шатақты аңсап жүрудің өзі де сүйекке сіңген әдеттің бірі. Ескілікті сөздерді зерделесек, мұндай нақыштағы мол хикаяға кенелер едік. Қармақшы ауданының қазіргі Тұрмағамбет ауылында ілгеріде Әйекеш деген кісі өтіпті. Оны елден ерекшелейтін бойындағы жалғыз қасиеті – сұмдық боқтампаз екен. (Осы жерде жазушы-ғалым, марқұм Ақселеу Сейдiмбековтiң “Жынды Ысқақ” деген этнографиялық әңгімесінің кейіпкері Ысқақ шал еріксіз еске түсер еді).
  Әйекеш аузын аша қалса, салғанан жеті әкеден кетеді. Сонан бір заулайды дейсің... Кімді, не үшін боқтап отырғанын бір құдайымның өзі білсін. “Ой, әкеңнің аузын ...” деп қаралай қызынып, жанды-жансызысын қосып боқтайды да жүреді екен. Інісінің бұл жағымсыз әдетінен әбден зәрезап болған ағасы Жолдыбай бір жолы оны ауылдағы дін жолын ұстанған тақуа адам Омар мақсұмға алып барыпты. Ойы – бауырын теріс әдеттен арылту болса керек.
  Омар мақсұм табалдырықтан енген Жалдыбайдан не мақсатпен келгендерін сұрайды. Сол кезде боқтампаз Әйекеш алды бұрын дереу тіл қатып:
 – Молда деген әкеңнің аузына емдетеміз деп әкеліп отыр ғой, - депті.
– Болды, болды, Жолдыбайжан. Бұған ешқандай ем жоқ. Әйекештің жағымсыз әдетінен ешкімге залалы келмейді. Өйткені, оның сөзінің зілі жоқ. Бұл өзі Жаратқанның берген мінезі. Оны өзгерте алмайсың, сүйекке сіңген мінез осылай кетеді, - деп жылы шығарып салыпты.

Р.АРЫСТАНБАЙ

02 сәуір 2018 ж. 1 014 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области