Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » YOUTUBЕ-ТІҢ ШТАБ-ПӘТЕРІНДЕ АТЫС БОЛДЫ

YOUTUBЕ-ТІҢ ШТАБ-ПӘТЕРІНДЕ АТЫС БОЛДЫ

Полицияның дерегі бойынша, YouTubе-тің штаб-пәтерінде әйел адам қарудан оқ жаудырып, үш адамды жарақаттаған. Кейін өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ке сілтеме жасап.
  Зардап шеккен үш адам Сан-Францискодағы Цукерберг госпиталіне жеткізілген.
Ауыр халде жатқан 36 жастағы ер адам күдіктінің сүйіктісі болған, деп хабарлайды CBS. Сондай-ақ, 32 және 27 жастағы екі әйел жарақаттанған. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр және орташа ауыр деп бағалап отыр.
 Сан-Бруно полиция бастығы Эд Барберини офицерлердің оқиға орнына жергілікті уақытпен сағат 12:48-де жеткенін мәлім етті. Полицейлердің айтуынша, оқиға орнында аласапыран болып, көп адам қашып құтылған.
  Барберинидің айтуынша, оқ тиген бір адам компания кеңсесінің алдында табылған. Офицерлер бірнеше минут өткеннен кейін өзін-өзі атқан әйел адамның денесін тапқан. Тағы екі зардап шегуші жақын маңдағы мейрамханадан табылды. Оларға қызметкерлер алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Сондай-ақ оқиға орнынан қашып бара жатып жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілген.
  Күдікті табылғанда қолында тапанша болған. Оның кім екені хабарланған жоқ.
YouTube штаб-пәтерінде 1700 адам жұмыс істейді. Компания Google-ға тиесілі және сол аудандағы ірі компания саналады.


04 сәуір 2018 ж. 637 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области