ҚАЗПОШТАНЫҢ ПОШТАШЫЛАРЫ 25 ЖЫЛ ІШІНДЕ 3,5 МЛРД. ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖҮРГЕН
5 сәуірде еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компанияның бірі «Қазпошта» АҚ өзінің 25 жылдығын атап өтіп жатыр.
Қазақстан поштасының тарихы бұдан да ерте басталған. 1860 жылы Верный (Алматы) қаласында алғашқы пошта бөлімшесі ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін пошта және электр байланысы «Байланыс» деген бірыңғай саланы құрады.
1993 жылдың 5 сәуірінде тәуелсіз Қазақстан Республикасында алғашқы қазақ поштасы құрылып, ресми түрде мемлекеттік мәртебе алды. Осы 25 жыл бойы Қазақстан поштасы бір миллиардтан астам пошта жөнелтілімін өңдеді, пошташылардың 25 жылдағы бағдарларының ұзақтығы 3 миллиард 695 миллион км-ге жетті, бұл Айға 10 мың рет ұшып келген немесе Сатурнға 2 рет ұшып келген жолға тең десек болады.
Электрондық коммерцияның дамуына байланысты сәлемдемелер мен бағдарлардың саны артып келеді, қазірдің өзінде Қазпошта әр сағат сайын 3000-нан астам сәлемдеме қабылдайды әрі жібереді.
Енді велосипедпен және автокөлікпен жүретін пошташыларға дрондар мен робот пошташылары қосылды.
Өткен 25 жыл айтулы оқиғалар мен жетістіктерге толы болды, атап айтар болсақ, Қоғамның қызмет аясын кеңейту және халықаралық ұйымдарға қосылу, электрондық коммерциямен және Қазпошта қызметтерін цифрландырумен байланысты инновациялық жобаларды енгізу.
Егер бұрын адамдар байланыс бөлімшесіне тек сәлемдемелер мен хаттарды жіберу немесе алу үшін баратын болса, қазіргі уақытта Қазпоштаға коммуналдық төлемдерін төлеу, кредитті өтеу, депозиттегі шотты толтыру, төлем картасын ашу немесе туған-туыстарына ақша аудару үшін келетін болды. Бұл қызметтердің барлығы онлайн режимде қолжетімді, бұл бөлімшелердегі кезекті азайтуға және клиенттерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.