Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҮЗДІК ЖАС МҰҒАЛІМ – 2018» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

«ҮЗДІК ЖАС МҰҒАЛІМ – 2018» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Облыстық "Ақмешіт жастары" газетінің ұйымдастыруымен «Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді.
Байқаудың мақсат-міндеттері:
1) Кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау;
2) Білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау;
3) Мұғалімдердің үздік іс-тәжірибесін тарату, кеңінен насихаттау;
4) Мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.
Байқаудың шарттары:
Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті 3/4 суреті.
Байқау критерилері:
Конкурсқа қатысу үшін ұстаз өзінің инновациялық білім беру технологияларының бірін қолдана отырып, "Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс" тақырыбында 3-4 минуттық бейнеролигын ұсынады. Бейнероликті мамыр айының 1-не дейін көрсетілген мекен-жайға жіберуі тиіс.

Байқаудың өту уақыты:
2018 жылдың мамыр-маусым аралығында өтеді.
Конкурсқа келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы комиссиясы іріктеп қарайды. Сондай-ақ басылым сайтында "дауыс беру" арқылы анықталады. Іріктеуден ең үздік деп танылған ұстаздар редакцияның арнайы мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жұмыстарыңызды aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды почтасына немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4, "Сыр Медиа" мекемесінің 314 кабинетіне жолдаңыздар.
Байқаудың нәтижелері басылым сайтында жарық көреді.
Байқау ақысыз түрде өтеді.
Байланыс үшін:
8(7242) 40-06-71
8(7242) 70-10-69
87076120393
11 сәуір 2018 ж. 1 215 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области