«ҚАҚПА АЛДЫНДА КЕЗДЕСУ» ӘЕЛУМЕТТІК ЖОБАСЫ
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған К.Тафановты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бойынша мекемеден шығарып салу іс-шарасы өткізілді. Оған Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция мен қалалық пробация қызметкері, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының және «Арылу» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
«Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяталуына байланысты сотталғандардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Жазасын өтеп шыққан К.Тафановқа босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекен-жайы көрсетілген жадынама берілді.