Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОС МАЙДАН КУӘГЕРІ

ҚОС МАЙДАН КУӘГЕРІ

Қыстан жұртшылық қатты қысылып шықты. Күн өте суық әрі қалың қарлы болды. Төрт түлік малдың шөбі қаңтар айы өткеннен таусылып, арық-тұрағы көбейіп, өле бастады. Көктем шыға қой төлдету басталды. Ауыл халқы жаны¬ғып, жүгіріп жүр.
  Оның үстіне майдандағы соғыстың дақпырты-ақ бұлардың еңсесін түсіріп жіберген. Неміс-фашистерін Кеңес Ар¬мия¬сы кейін тысқырып, шегіндірді де¬ген¬мен, әрбір жеңіс оңайлыққа түскен жоқ. Ауыл ішін қайғы бұлты тұмшалап, қаралы қағаздың саны көбейіп кетті.
  Тұңғыш ұлы Әлібек Тереңөзек қыс¬та¬ғындағы Калинин атындағы орта мек¬тепті бітіргелі жатқан. Наурыз айы¬ның бас кезі. Кешкісін қараңғы түсе баласы Әлібек асығыс ауылдағы үйіне жетті. Әкесі - Қайым, шешесі - Мәуе оның мы¬на суыт келісінен үлкен күдік алып, маза¬сызданды.
Інісі Сәдібек, қарындастары Қалжан, Мейрамкүл ағаларын көріп, қуанып кетті. Қыстан бері қарасын көрсетіп тұр¬ғаны осы. Бұл да бауырларын сағынып қалыпты. Құшағына қысып, беттерінен сүйіп жатыр.
  – Айналайын, ол жақтағы ел-халық, ағайын-туыс аман ба? Жүрісің өте асы¬ғыс қой, балам. Жайшылық па? – деп әкесі алаңдады.
  Әлібек, әкесінің қолына аудандық әскери комиссариаттың майданға ша¬қырған қағазын ұстатты.
  – Оныншы класты бітірмей-ақ, алып кете ме? Әлі де мұрындарыңның құрты түспеген жас емессіңдер ме? – деп бір-жағынан қатты қиналды.
– Бұл не, отағасы-ау? – деді.
– Иә, балаң ержетіпті. Енді ел қор¬ғауға аттанбақ.
Анасы Мәуе көйлегінің етегін ті¬зесімен басып, жерге сылқ етіп отыра кетті де жаулығының ұшымен көзіне мөлтілдей толған жасын сүртті.
– Апасы-ау, жамандық шақырма? Жылағаның не? Қайта, ұлыңның азамат болғанына қуан. Бар халыққа ортақ – Отан қорғау, - деп басу айтты.
Әлібектің інісі мен қарындастары да елеңдесіп, көздері атыздай болып кеткен.
  Ертеңіне ауыл тұрғындары арқасынан қағып, маңдайыннан сүйіп, қимастықпен Әлібекті шығарып салды. Қызылорда қаласына дейін әкесі Қайым еріп барды.
  Теміржол вокзалының басы құжы¬наған у-шу халық. Жылап, көздерінен жас алып, бірі бауырын, енді бірі жарын, тағы бірі қимас ұлдарын майданға аттандырғалы тұр.
  Әлібек әскери жауынгерлік міндетін Ста¬лин¬град майданындағы 436-полктен бастады. Жау кейін шегініп, баяғы жой¬қын адуынды қарқыны басылған шақ. Кеңес Армиясы жауынгерлері біраз күш алған. Жеңіске деген дәме мен үміт күшті. Мұндай алапат жарылыс пен жан-жақтарынан зуылдай ұшқан оқтарды бұрын көрмеген. Окопқа түспей жатып-ақ, талайы қаңғыған оқтың құрбаны болды.
  Мұның қатарында Мұстафа деген өзбек пен Саша атты орыс жігіті. Өзбек окоптан бас көтермейді. Басын қолымен бүркемелеп, жауып алған. Бұл мылтығын кезеніп, алдыңғы жау шебіне қарады. Қаптаған немістер, осылай қарай ары-бері ойқастай жүгіріп, шабу¬ыл-дап келеді. Рота командирі шағын денелі әзербайжан жігіті.
– Жақындасын. Сосын көздеп атың¬дар. Әр оқтарың мүлт кетпесін, – деп ескертті.
  Бұлардан бұрын майдан жайына қанық. Әрі жақсы біледі. Екі рет жа¬раланып, госпиталға түсіп, қайтадан қа¬тарға қосылған беті екен. Оның ой¬ында ешбір қорқу жоқ. Бұларды қайта жігерлендіріп, батылдыққа шақырып қояды.
Тура Әлібектің алдына жау отыз метрдей жерге жақындап қалды. Сол кезде:
– Атыңдар! – деген дауыс естілді.
  Бұл да атып үлгірді. Оқ дәл тиіп¬ті. Неміс ұшып түсті. Екіншісін де қарауылға ілдірді. Сол кезде автоматтар да сақылдап қоя берді. Екпіндей ұмтыл¬ған немістердің талайы жер жастанып, қарқындары басылды. Артынан атақты «Катюшаның» дүниенің астан-кестенін шығарған, үсті-үстіне атқылаған отты снарядтары жау шебін дал-дал етті. Тұс-тұстан «Уралаған!» жалынды үндер өте айбынды естілді. Барлық жауынгерлер окоптардан атып шығып, қарсы шабу¬ыл¬ға беттеді. Қапталдан танкілер қо¬сыл¬ды.
  Сол күні сексен шақырымдай жер жүріп, соншама екпінмен жауды аямай соққылады. Бұлардың қатарынан да талай жігіттер ажал құшты. Жаралан¬ғандар саны да жеткілікті. Әлібекті Құ¬дай сақтап, осы жерде төрт ай соғыс¬қанда да жараланбай, майдан даласынан аман шықты.
 Осы жылдың шілде айында әр ро¬та¬дан жауынгерлерді іріктеп, 353-атқыш¬тар полкі құрамындағы 210-атқыштар дивизиясын жаңа күшпен жасақтай бас¬тады. Осы құрамға Әлібек Қайымов та қосылды.
  Бұларды бір ай қайта даярлап,екі пуле¬метшілер ротасын құрды. Осы қа¬тарда Әлібек те жаттығу қорытынды¬сымен таңдаулы пулеметші атанды.
  Теміржол вокзалына саппен алып кел¬ді. Қатар-қатар бірнеше вагон тір¬¬келген паровоздар тұр. Жа¬ңа жасақ¬талған атқыштар полкын осы эше¬лондармен шығысқа қарай Влади¬вос¬ток қаласына жөнелтті. Бұл кезде Жапония импералистерінің Квантун Армиясы кеңес үкіметіне ерекше қауып төндіріп тұрған кез. Бұларды кейін Амур өзені бойына орналастырды. Бұл жерде қуат¬ты әрі мықты бекініс салыпты. Екі майданда бірдей соғыс жүргізуге, кеңес үкіметінің шамасы жетпейтінін түсініп, тек бұл бағытта қорғанысты күшейте беріпті.
  Қарындастары Қалжан мен Мейрам¬күлдің 1944 жылғы жаз айында келген хатынан, інісі Сәдібектің де әскери комиссариаттан шақыру қағазын алып, майдан шебіне аттанып кеткенін есітті. Екі бірдей баласының соғысқа алынуы, әкесі мен шешесіне ауыр соққанын се¬зіп, қатты қапаланып, жүрегі қан жы¬лағандай болды. Бірақ істерге не шара бар. Бәріне ортақ жай. Ел қорғап, со¬ғысудан ешкім жырақ қала алмайды. Тылдағы жағдай да онша мәз емес екен. Бірақ жергілікті халық бәріне де шыдап жатыр.
1945 жылдың шілде айында бұлар тау асуынан өтіп, арып-ашып, Қытай жағына шықты. Күндіз қимылдамай жатып алады да түнемелік жүреді. От жағуға, темекі шегуге тыйым салын¬ған. Тамыз айында межелі жерге ке¬ліп жетті. Әлібек Қайымовқа аға сер¬жант¬тықтан кейін, кіші лейтенант ата¬ғы берілген. Қарамағында оншақты жауынгері бар. Бұлар арнаулы топ бо¬лып, қайта жасақталып, жедел түрде дай¬ындықтан өтті. Екі-үш рет жауапты тапсырма беріліп, құрамымен бірге жау жағында жинақталған жанармай базасына тұтқиылдан шабуыл жасап, өр¬теп жіберді. Бұндайда олар жапон әскерлерінше киініп алып, еркін қимыл¬дады.
– Бүгін түнде кеңес жағынан да, Квантун Армиясының ту сыртынан да бір мезгілде жаппай шабыл басталады, – деді дивизия командирі. – Соған мұқият дайындалып, бар жинақтаған әскери тәжірибелеріңді тиімді қолданыңдар.
Барлық жауынгерлер тиісті орын¬да¬рына жайғасып, түнгі үштің шама¬сында, атылған ракетадан кейін жой¬қын соғысты бастап жіберді. Аспан¬да шабуылдаушы да бомбалаушы да ұшақтар қаптаса,одан кейін артил¬ле¬рия мен зеңбіректерден, атақты «Катю-шадан» оқ тынымсыз жау үстіне төніп, айналасын қопарып, отқа орап жатты. Танкілер жаяу әскерлер алдына түсіп, шынжыр табандарын шылдыратып, ал¬дыға жөңкіді. Жау шебіне снаряд, оқ, бомба түсіп, бас көтертпей, жер жас¬тан¬дыра берді. Жау бекіністері бі¬рінен соң бірі қолға өтті. Ту сыртынан шабуылдаған Кеңес Армиясы, ерекше жетістіктерге жетіп, жапон әскерлерінің есін шығарды. Қызу соғыс толассыз бір айға созылып, Квантун Армиясы, кеңес жауынгерлерінің соққыларына төтеп бере алмай, амалсыздан тізе бүкті.
Әлібек бұл жеңістерден кейін Ке¬ңес Армиясы құрамында 1950 жылға дейін қалып, кейін ішкі істер қызметіне ауы¬сып, елге аман-есен оралды.Бұл келген¬де әкесі Қайым, шешесі Мәуе мен қа¬рын¬-дастарының қуанышында шек жоқ еді.
  Алғашқы қызметін Тереңөзек аудан¬дық прокурорының хатшылығы¬нан бас¬тап, кейін Қазалы және Қармақшы аудан¬дық ішкі істер бөлімдерінде жауапты қызметтер атқарды. Сталинград жоға-ры милиция мектебін және Қазалы ау¬ыл шаруашылығы техникумының ме¬ха¬ника факультетін сырттай бітіріп, бұл қызмет¬ті аға лейтенанты шенімен аяқтап, кезектен тыс зейнетке шықты. Майдандағы да қызметтегі де еңбектері орынды мадақталып, жауынгерлік «Қы¬зыл Жұлдыз», «ІІ Дәрежелі Даңқ», «Ұлы Отан соғысы» ордендері мен «Стବ¬линградты қорғағаны үшін», «Жа¬по¬-нияны жеңгені үшін», «Кеңес Ар¬мия¬сы мен Флотына 30 жыл» және «Ең¬бектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапат¬талды.
  Елге келу бойына Бибайша Дос¬жановамен бас қосып, тұрмыс құрды. Өмірге Бақытжан, Сайлаужан, Әу¬бәкір, Қайрат, Орынбасар есімді ұлда¬р дүниеге келді. Перзенттерін екеулеп ер жеткізді.
  Ұлы Отан соғысының ардагері Әлі¬бек Қайымовқа Ұлы Жеңістің 70 жыл¬дығын көру жазбапты. Анамыз Би¬байша да бақилық сапарға аттанып кет¬ті. Бірақ осы шаңырақтан өрген ұл¬дары, ел қорғаған, тәуелсіз елінің бақытты шағын армандап, жан-тәнімен үлес қосқан әкелерін мақтаныш етіп, әр уақытта еске алады.


Б.ДҮЙШЕНБИЕВ,
Қызылорда қаласы

20 сәуір 2018 ж. 515 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области