Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИТАЛИЯДА КӨКТЕМГІ РУХАНИ КҮНДЕР ӨТУДЕ

ИТАЛИЯДА КӨКТЕМГІ РУХАНИ КҮНДЕР ӨТУДЕ

Кәрі құрлықтағы итальяндар әдетте демалыс күндерін рухани ізденіске арнауға тырысады.
  Әсіресе, көктемде ежелгі сарайлар мен қамалдардың, түрлі бақтар мен мұражайлардың есіктері халыққа айқара ашылады. Себебі, елде жыл сайын осы мезетте «италиялық экологиялық қор» деп аталатын игі шара басталады.
  Соның негізінде әрбір азамат әдетте жабық болатын Италияның табиғаты мінсіз 400 қаласын тамалашалап шығуға мүмкіндік алады.
  Римде бұл күндері Италияның әскери-теңіз күшінің штабы Palazzo Marina (Палаццо Марина) ашылады. Бұл ғимаратты өзге нысандармен шатастыруға болмас. Оның алдына ел тарихынан сыр шертетін үлкен зәкір қойылған. Ал сарайдың өзі 1928 жылы Джулио Маньидің жобасы бойынша салынған.
  Сәулетші ғимаратты теңізбен байланысты нақыштармен көркемдеуге күш салған. Мысалы, екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ теңіз толқындарымен көмкерілсе, төбесінде Италияның Бірінші дүниежүзлік соғыс кезіндегі жеңісін бейнелейтін сурет бар. Жоғары қабаттан көне сандықты көре аласыз. Онда 1894 жылғы «Сицилия» кемесінің әскери туы сақталған.
  Италия әскери туды сақтау дәстүрін ежелгі Генуя мен Венеция республикасынан мұра еткен. Ал осындай кеме жалауы үшін арнайы сандық жасалады.
Дезире Томмазелли, өнертанушы:
- Әскери жалау және оны экипажға тапсыру әлі күнге дейін өте маңызды рәсім. Осы сәттен бастап кеме теңіз күштерінің бір бөлігіне айналады. Оның қызмет ету мерзімі аяқталған соң ту сандыққа салынып, әскери жалаулар мұрағатына жіберіледі.
Кітапхана - әскери теңіз флотының мақтанышы. Оны безендірумен темір ұтасы Умберто Беллотто айналысқан. Ол осындағы қызметкерлер үшін биік сөредегі ауыр туындыларды түсіретін көтергіш ойлап тапқан. Қазір кітапханада теңіз тақырыбын қамтыған 50 мыңдай шығарма бар. Оның ішінен көне қолжазбаларды да кездестіруге болады.
Дезире Томмазелли, өнертанушы:
  - Бұл ерекше сарай. Италияның басқа өңірінен мұндай ғимаратты кездестіре алмайсыз. Бастапқыда әскери теңіз күштерінің штабы болып жобаланғандықтан, оның іші де, сырты да Италия теңіз флотының дәстүрін көз алдыңызға әкеледі.
  Италияның әскери теңіз күштері сарайы осы күндері халықтың көзайымына айналған жүздеген тарихи нысанның бірі. Италия экологиялық қоры бұл дәсүрді 26 жылдан бері жалғастырып келеді. Осы уақыт аралығында елдің аса құнды мәдени байлығын 10 миллионнан астам адам көріп тамашалаған.

28 сәуір 2018 ж. 681 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области