Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕРЛІГІ ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕРЛІГІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Адамзат баласының басына қара бұлт үйірген екінші дүние жүзілік соғыс десек, оның ең ірі майданы фашистік Германия мен КСРО арасында болды. Сол Ұлы Отан соғысында қазақстандық жауынгерлер ерлігімен танылды. Арманда кеткен боздақтардың денесі жат жерде қалды, қаншама шаңырақ қаралы қағаз алды. Соғыстың зардабы қалың ел тартты.
  Менің атам Кенже Жүсіпов 18 жасында соғысқа аттанған екен. Ол 1942 жылдың қазан айы мен 1943 жылдың тамызы арасында Ферғана қаласында кіші командирлер даярлайтын арнайы курста оқып кіші сержант әскери атағын алады. Сонан соң бөлімше командирі ретінде I-Балтық майданында 54 арнайы атқыштар бригадасы, 634-атқыштар полкының құрамында қанды шайқастарға қатысады. Бір қызығы, Нарва, Новель қалаларының маңында қалың орман ішінде халқымыздың қаһарман қызы Әлия Молдағұловамен бірге жауға оқ боратыпты.
  2000 жылы 21-сәуірде қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің номері №16-шы санында «Әлиямен бір қапталда соғысқан» атты Құдайберген Ертасовтың сұхбаты жарияланды. Сонда атам: «Ол кезде Әлияның даңқы шыға қоймаған. Бірақ оқ пен отқа оранған қан майданда ерлермен қатар соғысып жүрген қаршадай қандасымызға шын таң қалатынбыз. Өжеттігіне сүйсінетінбіз, мақтан ететінбіз. Әлия снайпер, мен автоматшы едім. Айналайын, қаракөз асыл бауырымыз Псков облысы, Новосокольский ауданында менен 200 метрдей жерде ғана оң жағымда оққа ұшты», - деген екен.
  Ол қызмет ететін полк 1943 жылдың күзінде Запольяреге жіберіліп Архангельск қаласын жаудан қорғайды. Ол кезде немістер Архангельскіні басып алу мақсатында қалаға бірнеше мәрте десант түсірген екен.
  Атам ондаған мәрте жау десанттарын жою операцияларына қатысыпты. 1944 жылдың шілде айының басында Архангельскіден 25-30 шақырым жерге мұздай қаруланған неміс десанты түсіп, оны жоюға бұлардың ротасы жіберіледі. Атам қызмет ететін рота межелі жерге жеткенше немістер қолайы позицияға бекініп алады. Кескілескен шайқас бірнеше сағатқа созылыпты. Екі жақта да адам шығыны көп болыпты.
«Немістердің шегінетін жері жоқ, сондықтан еш аянбады. Түс қайта біз қайта шабуылға шықтық. Жауынгерердің алды неміс бекіністеріне басып кірді. Мен де сол авангардтық топта едім. Бір уақытта неміс мергенінің оғы қара жамбасыма тиіп, ұшып түстім. Сол ұрыста фашистердің көбін тұтқынға алдық. Жолдастарым мені палаткаға салып, санчастқа жеткізді. Алғашқы көмектен кейін    Архангельск қаласындағы госпитальға жеткізді», – дегені әлі күнге дейін есімде.
  Атамның Запольярьедегі ерлігі лайықты бағаланып «Советтік Запольярені қорғағаны үшін» медалімен және кейіннен «Қызыл Жұлдыз», І Дәрежелі «Отан соғысы» орденімен наградталған. Жеңісті жақындатуға елеулі үлесін қосып, елге қара саннан оқ тиіп, ІІ-топтағы мүгедек болып оралған ол аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор, кейін №1209 автотранспорт кәсіпорнында диспетчер, аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатында бас инженер, экспедитор қызметтерін атқарып, зейнетке шығады. Атам қай жерде, қандай қызмет атқарса да еңбексүйгіштігі, тиянықтылығы мен адалдығы арқасында сый-құрметке бөлене білді.
  «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, атамның атын ұлықтау жұмыстары тоқтаған емес. Соның заңды жалғасы Жеңіс күніне қарсы орайластырылмақ. Нақтысын айтқанда, майдангер Кенже Мұятұлы Жүсіповті еске алуға арналған шахматтан облыстық турнир өтіп, рухына құран бағышталмақ.

Асылзат МАРАТҚЫЗЫ,
Жаңақорған ауданы

03 мамыр 2018 ж. 811 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области