Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АРТТЫРАТЫН ЖЫЛДАР ДА ЖАҚЫН

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АРТТЫРАТЫН ЖЫЛДАР ДА ЖАҚЫН

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарла¬масының басты мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын жақсарту. Қазіргі кезде 2022 жылға дейінгі аралықты қамтитын бағдарламаны қарқынды жүзеге асыру басталды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу – елімізді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамытуға арналған биылғы Жолдаудағы негізгі міндеттің бірі.
Бүгінде дамушы мемлекеттерде интернет жедел қарқынмен дамуда. Интернетке қосылған 35 миллиард құрылғы өзара деректер алмасып отыр. Нақты кезеңде әлемдегі 15-тен астам ел цифрлық жобаларды қолға алған. Олардың алдыңғы қатарында – Қытай, Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Канада мемлекеттері бар.
Сингапур елі «Smart Nation», Оңтүстік Корея «Креативті экономика» жобасын, ал Дания елі 2015 жылдан бері барлық азаматты мемлекеттік органдармен тек интернет арқылы тілдесуге міндеттеген. Сингапур «ақылды экономика» қалыптастырып үлгірсе, Қытайда «интернет плюс» жүйесі жүзеге асырылған.
Жаһандық ауқымдағы құбылыстың жалғасы ретінде елімізде басталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бағыты – «Цифрлық Жібек жолын» жүзеге асыру. Бұл бағыт инфрақұрылымды дамытып, елді мекендерді жоғары жылдамдықта қолжетімді сапалы интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Цифрлық индустрияны дамыту басқа салаларға серпін береді. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың мәліметіне сүйенсек, 2017-2019 жылдар аралығында 1291 ауылдағы 2 миллион тұрғын, ал 2020- 2025 жылдар аралығында 4 000 ауылдағы 1,5 миллион адам интернетке қол жеткізеді. «Мемлекет жоғары жылдамдықтағы интернет құнын төлеу ауыл тұрғындары үшін қиынға соғуы мүмкін екенін ескеріп, бұл жобаның әлеуметтік сипатта жүзеге асатынын түсініп отыр», – дейді министр.
... Өткен ғасырдың 80-жылдары Тоқабай ауылында тұрып, бұл күнде Астанада еңбек етіп жатқан жігіт ағасы: «Бірнеше жылда бір рет Тоқабайды бет алғанда Қарақұмның автобусымен барамыз. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Қарақұмда интернет желісі де бар. Одан гөрі аудан орталығына жақындау тоқабайлықтар да балаларының интернетті қолжетімді қолданғысы келетіндігін айтып, қатарларынан қалмай, білім алғандарын қалайды. Себебі, жаһандану заманы жеделдікті талап етеді емес пе?» деп ағынан ақтарылды. Хош, көлік қатынасын ауыл әкімінің іскерлігіне қалдырайық. Ал, интернетке қолжетімділік мәселесі жөнінде «Арал желілік техникалық цехының» бастығы Ағытай Мыңжасаров:
– Аудандағы 57 елді мекеннің 49-ы интернет желісімен қамтылған. Ал, қалған 8 ауылда, атап айтқанда, Тоқабай, Жіңішкеқұм, Сазды, Мергенсай, Ақбасты, Құланды, Ақеспе, Қосаман ауылдарында 1 мбит/с жылдамдықтағы интернет желісі бар. Бағасы да қымбаттау. Ақбасты, Қосаман ауылдарының тұрғындары мұның жоқтан жақсы екендіктерін айтады.
«Абай» елді мекенінде темір жол станциясының салынуына байланысты интернет желісі өзге оператор арқылы берілді. Тоқабайға екі жыл бұрын 35 метрлік мұнара апарылды. Қажетті қосымша құралдар жеткізу қарастырылуда. Сондай-ақ, тұрғындар арасында «Интернет жылдамдығы неге бірдей емес?» деген сауал да туындауда. Жақсықылыш, Сексеуіл кенттері мен Шижаға ауылына жер асты талшықты-оптикалық кабелі арқылы барып тұрғандықтан, жылдамдығы жоғары. Өзге ауылдарға спутник арқылы берілгендіктен, 1 мбит/с жылдамдықта. Сонымен бірге, қала ішінде де интернет жылдамдығы әр түрлі. Қала жылдан-жылға өсуде. Жеке тұрғын үй салушылар қатары артуда. Станция қашықтаған сайын, сапасы азаяды. Өткен жылы қосымша 4 станция қосылды. Биыл «Шанхай», «Алтықұдық» мөлтек аудандары мен темір жол вокзалы маңына 3 станция қосу жоспарда бар, – дейді.
Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев ауыл мектептеріндегі интернеттің жұмыс істеу жылдамдығының әр түрлі екендігіне орай, «Жоғары жылдамдықтағы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы жергілікті бюджетке аударылды. Бірақ, жағдайды саралай келе, біз жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай технологиялық саясатты ұстанбағандығын анықтадық» дей келе, осыдан жылдамдық пен қызмет көрсету сапасының әр түрлі екендігін айтады. Министрдің дерегіне сүйенсек, еліміздегі мектептердің 98 пайызы интернет желісіне қосылған. Бірақ, секундына 4 мегабит жылдамдықтағы кең жолақты интернет бүгінгі күні 2400 мектепте ғана бар.
Жуырда өткен Үкімет отырысында білім беру саласын цифрландыру мәселелері қаралды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған шаралар анықталды. Бұл шалғайдағы ауылдар үшін аса маңызды. ҚР Премьер-Министрі атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бар екендігіне тоқтала келе, цифрлық технологияға көшу үшін Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі жылы ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдармен бірік- тіруді қамтамасыз етуі тиістігін айтты. Сонымен бірге, 2020 жылдың соңына дейін барлық қашықтықтағы елді мекендердің кең жолақты интернетке толықтай қосылуы тиістігін атап өтті.
... Бүгінде Қазақстан электронды үкімет индексі бойынша 33, желі дайындығы бойынша 39 орында екен. Компьютерлік сауат көрсеткіші – 76,2 пайыз. Егер, «Цифрлық Қазақстан» жобасының жұмысы жос- пар бойынша жүзеге асса, осы салада әлемдегі ең озық 15 елдің қатарына кіру мүмкіндігіміз молаймақ. Сондықтан, ауыл азаматының жастардың болашағын ойлап, жаһандану көшінен қалмаса екен деген алаңдаушылығы орынды. Себебі, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендететін – бүгінгі жас буын. Ал, Қазақстанның көркеюі әрқайсысымыздың жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты.


Лаура ӘЙТІМОВА,
Арал ауданы
08 мамыр 2018 ж. 552 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области