ВЬЕТНАМ СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
9-мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Жосалы кенті тұрғыны, Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисеновтың отбасында болды.
Аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы ардагермен елдің тыныс-тіршілігі жайлы әңгіме өрбітіп, елде болып жатқан жаңалықтармен таныстырды. Айта кетейік, қармақшылық еңбек ардагері Иса Бисенов 1960-70 жылдары Вьетнамадағы соғысқа қатысқан облыстағы жалғыз майдангер. Соңында аудан әкімі майдангерге «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.