Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ»: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«ҚАЗАГРОҚАРЖЫ»: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Биылғы жыл басынан бері елімізде көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ аграршыларға барлығы 13,6 млрд. теңге сомасына 1000 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті.
  Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы компаниямен 7,2 млрд. теңге сомасына 397 өтінім мақұлданған. Бұдан бөлек тағы 6,2 млрд. теңге сомасына 303 өтінім қаралу үстінде.
  Фермерлер мен агроқұрылымдар үшін «Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» деп аталатын жаңа қаржыландыру бағдарламалары барған сайын маңызыды бола түсуде. Тек қана соңғы бір айдың ішінде осы бағдарламалар бойынша 232,7 млн. теңгеге өтінім келіп түскен.
Нақты кезеңде «Сенімді фермер» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлерге жиынтық құны 105, 8 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті. Ал «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы бойынша отандық аграршылар 84,4 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алды. Өтінімдер әлі қабылдануда.
  Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ азық-түлік желісін кеңейтіп,«Сенімді фермер» және «Өз жем-шөбіміз» деп аталатын арнайы жаңа бағдарламаларын іске қосты, сонымен қатар стандартты қаржы лизингі талаптарына өзгертулер енгізді.
 «Сенімді фермер» бағдарламасы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке аванстық төлем төлемей алу мүмкіндігін береді. Бұл бағдарламаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қолданыстағы клиенттерімен қатар бұрын қаржыландырылған клиенттері де пайдаланып қала алады. Оларға қойылатын жалғыз ғана талап – бұл адал ниетті қарыз алушы өлшемшарттарына сәйкес келу.
  Ал «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы бойынша отандық жем-шөп өндірісін дамытуды қаржыландыру жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламаның шеңберінде қазақстандық фермерлер қажетті ауыл шаруашылығы техникасын 10 жылға дейінгі мерзіммен мөлшері 10 % құрайтын төмендетілген аванстық төлеммен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
  «ҚазАгро» сарапшылары айтып кеткендей, жаңа бағдарламалардың енгізілуі «ҚазАгроҚаржы» АҚ азық-түлік желісінің кеңейтілуі, аванстық төлемнің төмендетілуі және қаржыландыру мерзімдерінің ұлғайтылуы отандық фермерлер үшін ауыл шаруашылығы техникаларына және арнаулы жабдықтарға деген қолжетімділікті арттырады. Бұл өз кезегінде еліміздің машина-трактор паркін жаңартуға оң нәтиже беретін болады.           



11 мамыр 2018 ж. 767 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области