Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде типтік оқу жоспарларын жеңілдету бағытында жұмыстарға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  «Сарапшылардың көпшілігі біздің балалардың мектептегі жүктемесіне ауыр екенін растап отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы назар аударған еді. ТМД және ЭЫДҰ елдерімен салыстырсақ, біздің типтік оқу жоспарларымыздың артық жүктемесі бар. Қазіргі кезде министрлік тиісті жұмысты іске асырып жатыр, осы орайда жұмыс тобы құрылды. Бұл бағытта сарапшылармен, әдіскерлермен және педагогтық қоғамдастықпен консультациялар жүріп жатыр», - деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
  Бұл тұрғыда ол мектеп бағдарламаларын жеңілдету ауқымды талдау жұмыстарын қажет етіп отырғанын сөз етті.
  «Оқу бағдарламасын жай ғана қысқарта салу қисынсыз әрекет. Бұл ретте білім саласы алдында тұрған мақсаттарды ескеру керек, сонымен қатар қоғам үшін қажет мектеп түлегіне қойылатын талаптар пысықталуы тиіс. Сондықтан осы өзекті мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау қажет. Сәйкесінше, бұл бағытта білікті сарапшылар өз бағасын беруі орынды болар еді», - деп түйді ол.

11 мамыр 2018 ж. 569 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области