Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЕМИНАР- ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

СЕМИНАР- ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің психолог мамандарының ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Денсаулыққа зиянды әдеттерден арылу жолдары» тақырыбы аясында семинар- тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты - жаза мерзімін өтеуші азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден арылу жолдары жайлы толық мағлұматтар беру. Шарада сөз алған Қызылорда облыстық наркология орталығының психолог маманы Э.Нұрпейісова денсаулықтың маңызы жайында түсіндіріп, психолог мамандармен тренинг жаттығуларын жүргізді. Сондай –ақ, тренинг барысында жаза мерзімін өтеушілер зиянды әдеттердің денсаулыққа, қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы арнайы дайындалған бейнероликтерді тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті.

Қызылорда облысы
ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің
маман психологы Ш.Көлбаева

14 мамыр 2018 ж. 1 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области