Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ақын - жазушыларымыздың мақалаларымен, халқымыздың ұлттық салт - дәстүрлеріміз бен тіліміз, музыкамыз бен жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» - деген болатын.
  Мақалада қамтылған ұлттық сананы жаңғырту, қазақстандық дербес өрлеу үлгісін қалыптастыру, нақтылап айтқанда, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақы рухымызды жаңғырту, жас ұрпақ бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру бойынша елімізде кең ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі Жаңақорған ауданы Сунақата ауылында өткізілді.
  Шараны аталған ауылдық округ әкімдігі мен ауылдық клуб шығармашылық ұжымы ұйымдастырды. Осылайша, «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» деген тақырыпта байқау қызықты өтті.
  Байқау беташарын Сунақата ауылындағы №194 орта мектеп өнерпаздары ашты. Шараға біз әділқазы ретінде қатысып, алған әсерімізді бөлісуді ұйғардық.
«Өнер-тәрбие атаулының ішіндегі ең құдыреттісі» деген ұғымның шынайылығына осы күн терең байыптап жүрміз.
Концерттік бағдарлама бастан-аяқ рухани жаңғырудың өзегі – өнегелі өсиетке, биік рухты ән мен жырға, жекелеген таланттардың шығармашылық әлеуетін танытуға бағытталды. Мектеп оркестрінің орындауында «Келіншек» күйі, Глинканың «Полькасы» ауыл мектебінің өнерпаздарын кәсіби тұғырдан танытты.
  Мектеп – тәрбие тіні. Ал мектептің жүрегі – ұстаздар. Олар келешек буынды кемел азамат етіп тәрбиелеуде қалай тер төксе өздері де бәсекелестікке сай маман ретінде қалыптасуға қажырлы жұмыс жасап келеді. Осыны айғақтайтын «Шеберлік сәті» шоуы қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Шолпан Қансейітованың суырып салма ақындығын, Кәрімберді Рүстемнің талантты суретші екендігін, К.Искендирова мен К.Жәнібекованың он саусағынан өнер тамған іскерліктерін көпке тәнті етті. Ал тарихы тереңде жатқан киелі Сығынақты жырға қосқан ұстаз Амангелді Қансейітовтың «Сығанақ» әні жүрегіміздің төрінен орын алды.
  Рухты ел ешкімге бас имейді, бабалар аманатын адал ұстанып, еңселі ертеңге бағыт түзейді. Осындай ұстанымы бар қазақ елінің ұраны қандай болу керек? Қазақтың ғажаптығын тап басып тауып, сипаттар формуласы бар ма? Келесі кезекте сахна төрін «Қазақтың формуласы» әдеби-композициялық қойылымы ажарландырды.
  Өзін қор санап, өзгені зор санау сынды құлдық психологияның шырмауында жүрген шалағай ойлы жастарымыздың өзге тілде ән шырқап, би билеуді мәртебе көретін дағдысымен телеэкранды, үлкен сахналарды жаулап алып, бұты салбыраған шалбар киіп, ұлттық жігерімізді құм қылып жататынынан зәразап болған басымыз ауыл жастарының қазақы рухты жалындатқан жасын өнеріне жанымыз жадырап бір жасап қалғандай болдық.
Сырлы Сығанақтың өрелі өнерлілері баршылық екен. Жас маман Таңшолпан Нұрғалиқызының орындауында «Қазақстан» жыр жолдары, Шоқан мен Ғабиттің орындауында «Бауырым» әні, Таңшолпанның орындауында «Көзіңнің мөлдірін-ай», Жаннаның орындауында «Ерке сылқым» күйі, жастар биі – флешмоб, «Мен қазақпын» хоры көрерменніңі жүрегіне жетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
  Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Дегенмен салт-дәстүрді аяқасты еткендіктен, құрдымға құлап, өз өмірін құнсыздандырып жүретіндер бар. Гүлжайна Ұлықбекқызының «Жетімдер монологы» соны суреттеді.
  Тұтас қоғамның және әрбір жастың санасын жаңғыртудың бір бағыты-прагматизм. Өмір шындығын өткір әзілмен көркемдеген көрініс – Шыман апаның «Келін болсаң инабатты» әнін орындаған өнерпаздар бейнеклипінен нағыз әртістік таланттың ұшқынын танығандай болдық.
  Бір қызығарлығы, ауылдық жас мамандары – жаңа түскен келіндеріміз сахна төрінде де әдебін сақтап, әдемі жарасатын ақ орамалымен көпті сүйсіндірді. Бұл да болса қанша жыл елдің билігінде болса да ақ жаулығын тастамай, үлкенге иіліп сәлем беруден танбаған әкім Әзиядан жалғасқан әдептің нышаны болар деп іштей сүйсініп қалдық.
Мамыр айының соңына қарай осы тақырыпта байқау тағы ұйымдастырылмақ. Біз ол өнер сайысын да өздеріңізбен бөлісетін боламыз.

Баян ҚАЛҚОЖАЕВА,
Жаңақорған ауданы

15 мамыр 2018 ж. 1 062 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области