Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ

Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты, Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық»,– деген болатын. Иә, біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Сондықтан, алға қойған мақсаттарға жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
  Рухани жаңғыру тек бүгіннен басталатын жұмыс емес. Ол еліміз тәуелсіздік алғаннан бері атқарылып келе жатқан істеріміз.
Жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеуде Ел басы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы зор.
Рухани мәселе адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыруда кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.
  Оқыту,білім беру,тәрбиелеу – баланың ішкі жан-дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім.
Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез-келген мектептің мақсаты мен мұраты өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие» деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі – тәрбие.
Елбасы «Туған жер» бағдарламасында кіндік қанымыз тамған жеріміздің, еліміздің тарихына баса көңіл аудару қажеттігін айтады. Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсарту және елді мекендерді абаттандыру, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру көзделуде. Осыған орай, мектебімізде «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары жсалды. Оған сәйкес «Тәрбие және білім» бөлімі «Өлкетану» тармағының 2 тармақшасында «Таза көше» және «Таза ауыл» жобаларының аясында біздің мектеп өздеріне бекітілген Жалағаш кенті Қазбек би көшесі тұрғындары арасында «Ең таза аула» номинациясы айдарымен акция өткізіп,үздіктерін анықтады. «Ең таза аула» номинация иегерлері Қазбек би көшесі № 8 үй тұрғындары Ахметов Мархабек және Байсакалова Кенжегулге арнайы мадактама және сыйлығы табыс етілді.
  Бұған қоса, «Туған жерге тағзым – мектепке тағзым» жобасы аясында мектеп түлектерінің басын қостық. Игі істің мақсаты – туған жердің гүлденуі мен білім нәрін сусындатқан мектептің дамуына атсалысу. Бұл жоба аясында мектебімізден білім алып, әртүрлі мамандық иесі болып, елге қызмет етіп жүрген азаматтарымыз шақырылды.
  Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласып, оқушылар ән-биден шашу шашты. Мектебіміздің бұрынғы түлектері өздерінің мектепке деген сыйлықтарын тарту етті.


Айнұр МЫХАНОВА,
Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті
№ 31 мектеп-гимназия директоры


16 мамыр 2018 ж. 1 431 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области