Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР «КӨКТЕМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ТУРНИРІНДЕ 17 ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ!

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР «КӨКТЕМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ТУРНИРІНДЕ 17 ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ!

15-16 мамыр күндері Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі өтті. Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда 1,2-разряд бойынша бақ сынасты.
  Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған республикалық турнирге 5-15 жас аралығында 50-дей мәнерлеп сырғанаушылар қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысының спортшылары 17 медальді иеленді.
  Турнир жеңімпаздары: Мелиса Пак, Рамиля Қамбарова, Темірлан Якияев, Аянат Қасымова, Алина Жанділдаева, Манас Бекташов, Диана Джармұхамедова.
  Күміс жүлдегерлер: Аделя Махатова, Карина Ли, Бибінұр Дербісәлиева, Айымжан Иноят.
  Қола жүлдегерлер: Малика Джармұхамедова, Нариман Молдабек, Нұрай Нақып, Амина Сұлтан, Жансая Есен, Ариана Дигай.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.                                                                                                       

17 мамыр 2018 ж. 520 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области