Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛДАНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛДАНДЫ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын да ҚР-ның мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыруды және мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруды және мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялап, заманға лайықты болуы қажеттігін айтқан болатын.
  Сонымен бірге, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында – Заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретіндігін және мемлекеттік органдардың ақпараттық көрсетуге көшу бағытында нақты тапсырмалар берілген.
  Осыған орай Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, «Нұр Отан партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қала әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары мен мектеп директорлары, білім саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
  Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жоланов ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, күн тәртібінде Арал ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы кейбір мәселелер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары сөз болды. Бірінші мәселеге қатысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменттің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы М.Байқуатова баяндама жасап, жалпы облыс көлемінде I-тоқсанда көрсетілген қызмет түрлерін жіктеп, соның ішінде Арал ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге ерекше тоқталып өтті. Бір сөзбен айтқанда Арал ауданында электронды қызмет алушылар үлесі төмендеп, қағаз жүзінде көрсетілген қызмет саны артқан. Соның ішінде, тікелей мемлекеттік органмен қағаз жүзінде көрсетілген қызметтердің басым бөлігі білім, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне тиесілі. Осы орайда хабарламашы аудандағы қызмет көрсету барысындағы кейбір мәселелерді талдай келе бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Одан әрі сөз кезегін сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Жакудаев алып, республика көлемінде жемқорлық мәселесі жылдан жылға күшейтіліп, тиісті заң жобаларына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.
Жиынды қорытындылаған төраға сөз соңында жиын барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, жүйелі жұмыстарды жұмыла атқаруға шақырды.


17 мамыр 2018 ж. 621 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области