Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР МЕКТЕПТЕРГЕ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР МЕКТЕПТЕРГЕ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕРІЛДІ

Қызылорда облысындағы бірқатар білім беру, мәдениет және спорт ұйымдары жаңа атауға ие болса, кейбірі қайтадан аталатын болды.
  Бүгін баспасөзде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысы жарияланды. Осыған орай Қызылорда облысындағы бірқатар білім беру ұйымдары жаңа атауға ие болады. Атап айтқанда, енді Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейі елімізге еңбек сіңірген инженер-гидротехник Ержігіт Бозғұловтың, №24 мектеп Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың, Жаңақорған ауданындағы №239 мектеп дирижер, Қазақстанның халық әртісі Төлепберген Әбдірашевтің, Шиелі ауданындағы №149 «Қызыл ту» орта мектебі білікті ұстаз Әлиакбар Монтаевтың есімімен аталады. Сондай-ақ, Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылындағы мәдениет үйі - «Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратының Қалтай Мұхамеджанов атындағы ауылдық мәдениет үйі», Қызылорда қаласындағы «Стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - «Ғ. Мұратбаев атындағы стадион» коммуналдық мемлкеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта аталды.

19 мамыр 2018 ж. 607 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области