Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ТУРАЛЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ТУРАЛЫ


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (Қор) 2017 жылдан бері ІІІ кезеңмен жұмыстар атқарды.
І кезең – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің 2017 жылдың қыркүйек айында дерекқоры қалыптастырылды.
ІІ кезең - «Тұрғындарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркеу науқаны» 2017 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүргізілді.
ІІІ кезең – Қор республикалық және аумақтық комиссия мүшелерін бекітті. Республикалық комиссия мүшелері жоғары стационарлық көмек және республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдардың өтінімдерін қарап, мемлекеттік тапсырыс негізіндегі ТМККК орналастырады. Аумақтық комиссия мүшелігінде Қор филиалы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Республикалық медициналық палата», Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мен медициналық қоғамдық бірлестіктер болып табылады және олар стационарлық көмек, емханалық көмек, жедел жәрдем, диагностикалық көмектер мен т.б. медициналық көмектерді көрсететін медициналық ұйымдарды таңдаудан өткізілді
Қордың қазіргі жағдайы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мақсаты кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің қаржы операторы, ал жақын болашақта медсақтандыру пакеті бойынша стратегиялық сатып алушы ретінде жекеменшік секторды қызмет көрсетуге көбірек тарту, сол арқылы медицина нарығында бәсекелестікті күшейту. Өйткені бәсеке бар жерде сапа болады. Осы мақсатта 2017 жылдың қыркүйек айында Қор аталған бағдарлама шеңберінде қызмет көрсетуге ниетті денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын жасаған болатын. Дереққорған енгізілген медициналық мекемелер 2018 жылға халыққа «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі» бойынша көмек көрсететіндер. Кең-байтақ Қазақстанымыз бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға ниетті, әрі әлеуеті жетеді деген 1300-ден астам денсаулық сақтау субъектісі дерекқорға енді. Оның 43 пайыздан астамы – жекеменшік клиникалар. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есе көп. Бұл жекеменшік ұйымдардың қор бастамасын қолдап, медициналық қызмет көрсетуде белсенділік танытқанын көрсететін негізгі дәйек. Ал жекеменшік клиникалармен бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы биыл әзірге 95 млрд теңгені құрап отыр. Бұл да өткен жылдардағы көрсеткіштен 2 есе көп. Сонымен қатар, биыл алғаш рет бұл процеске еліміздегі ірі-ірі жекеменшік клиникалар қатысып отыр. Қызылорда облысы бойынша айтар болсақ, Қордың дерекқорына қазіргі таңда 83 медициналық мекеме тіркелді, оның 49 жеке клиникалар, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге, яғни 45%-ға артып отыр. Қазіргі уақытта облыс бойынша 36 млрд теңгеге 68 медициналық мекемелермен келісімшарт бекітілді. Оның 32-і, немесе 47,1 % жекеменшік клиникалар. Биыл кепілдендірілген көмек пакеті шеңберінде қызмет көрсететін жекеменшік клиникалар саны өткен жылмен салыстырғанда 30 %-ға едәуір артты.
Қор тарапы жыл басында арнайы медициналық мекемелермен келісім-шартқа отырғанда толық бөлінген сомманың 30% пайыз шамасында аванстық соммасын аударып берді. Бұл жағдайда медициналық мекемелердің жыл басындағы айларда аралығындағы науқастарға кететін шығындар мен шығыстарын өтеу мақсатында. Қазіргі кезде ай сайын ТМККК көрсеткен медициналық мекемелерге төлемдерді жүргізіліп отыр.
Қазіргі таңда Қордың Қызылорда облысы бойынша филиалының медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімі ай сайын Қормен жұмыс жасап жатқан медициналық мекемелерге мониторингтік тексеруге шығып отыр, яғни науқастың қалай емеделгені туралы, базада қандай мәліметпен енгізілгендігін ақпараттарды қарап тексереді. Науқастың картасын базада толыққанды көре алатын жағдайға жетті. Сол себепті бөлім мамандары базада науқастың картасын ай сайын әр медициналық мекемелерді ашық түрде текесеріп отыр. Осы жағдайлар аяқталғасын медициналық көмекті сатып алу бөлімі мен медициналық көмекті жоспарлау бөлімінің мамандары базада қаралған мәліметтер арқылы базаларды жауып ай сайынғы Қормен жұмыс жасайтын медициналық мекемелерге төлемдерін жүргізіп отыр.
Қорыта айтқанда, науқастанып келген адамдарға медициналық ұйыммен көрсетіліп жатқан медициналық көмектердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі Қор тарапынан зерделенеді. Содан кейін ғана Қор медициналық ұйымдарға науқастардың емдеріне кеткен шығындары мен шығыс қаражаттарын төлейді.
Осы ақпаратқа қосымша ретінде Қызылорда облысы бойынша Қормен жұмыс жасап жатқан медициналық мекемелермен кездесулер өткізіліп қызметкерлеріне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістер жайында ақпарттарды оқытылым негізінде және төлемдердердің қалай жүргізілетінділігін, мониторингтік талдаулар қандай жағдайда өткізіліп, қаражаттары қандай жағдайда төлем жасалынып жатқандығын ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Міндетті әлеуметтік медициналық жүйенің ең басты ұстанымы – Халыққа қол жетімді негізде және теңдей дәрежеде сапалы медицицналық көмек көрсету!

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы
24 мамыр 2018 ж. 954 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области