Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚЫЗЫЛ ТҮСКЕ КИІН!» ҰРАНЫМЕН АКЦИЯ ӨТТІ

«ҚЫЗЫЛ ТҮСКЕ КИІН!» ҰРАНЫМЕН АКЦИЯ ӨТТІ


     Облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық Мәдениет үйінің алаңында салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі «2018-2021 жылдарға» арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында «Қызыл түске киін!» ұранымен кең ауқымды акция өтті. Шараны облыстық жастар денсаулығы орталығы ұйымдастырды.
    Бүгінгі таңда жыл сайын әлем бойынша 17,5 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұматындығы туралы ресми дерек бар. Сол себепті де акция облыс тұрғындарының назарын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, уақытылы дәрігерлік тексерулерден өтуге, денсаулықты нығайтуға мән беруге шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
   Жастардың флешмоб биінен кейін, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова сөз алды. Акция бастамашылары – облысымыздың түрлі салаларының белсенді азаматшалары. Олардың негізгі идеясы – қызыл түске киініп, облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, жүректерін қорғауға, денсаулық туралы ойлануға және ұзақ та бақытты өмірге қадам жасауға шақыруға бағытталған.
    Қызыл түсті киім – бұл дабыл белгісі. Акция ұйымдастырушылары қызыл түсті киім кию арқылы қызылордалықтарды жүрек-қан тамыры ауруларына және олардың даму қаупіне назар аударуға шақырады.
   Әйел-ана – отбасында өзінің, сонымен бірге, жақындарының денсаулығына, дұрыс тамақтануына, спортпен айналысуына немесе зиянды әдеттерден бас тартуына ұйытқы болатын басты тұлға. Сондықтан да бүгінгі іс-шараның басты қатысушылары да қыз-келіншектер, әйел-аналар.
   Акция барысында қатысушыларға фото-көрме өткізіліп, медициналық қалашықта Қызылорда қалалық ауруханасының терапевт, невропатолог дәрігерлері мен емхана дәрігерлері тұрғындардың қан қысымын, қант, холестерин мөлшерін өлшеп, дәрігерлік кеңес берді. Сонымен қатар денсаулық жәрмеңкесі мен денсаулық сабақтарында да тұрғындардың назарына әдістемелік ақпараттар мен пайдалы кеңестер ұсынылды.
     Облыс орталығынан бастау алған акция енді аймақтың барлық аудандарда, шалғайдағы ауылдар мен елді мекендерде жалғасатын болады.
Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз қызметі





25 мамыр 2018 ж. 757 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области