Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» ТҮРІК ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ

«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» ТҮРІК ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығына орай бауырлас Түркияда «Қазақстан күндері» басталды. Оның аясында Анкара, Малатия, Шанлыурфа мен Кахраманмараш қалаларында Түркияның белді саясаткерлері және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып, мерекелік концерттер болады.
  Ал Анкарада қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақпаевтың түрік тіліне аударылған «Менің атым Қожа» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Түркияның әдебиет әлемі қазақтың тағы бір классикалық шығармасымен толықты. Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың дүниежүзінің 67 тілінде жарық көрген «Менің атым Қожа» кітабы тұңғыш рет түрік тіліне аударылып, Анадолы жеріндегі өз оқырмандарымен қауышты.
   Осыған орай Түркияның астанасы Анкарада кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты жиынға жазушының қызы Самал Соқпақбаева, түріктің белгілі зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты. Шығарманы түрік тілінде сөйлеткен аудармашы Жамилә Кынажы «Менің атым Қожа» түрік руханиятын байытып, көптің сүйікті кітабына айналатынына сенімді.
   Жамилә Кынажы, аудармашы: – Бердібек Соқпақбаев – ұлттық бейнесі күшті адам. Күшті автор. Ол бір баланың көзімен ұлттың бейнесін бізге көрсетті. Қожа кішкентай бала болғанымен, оның кең дүниесі бар. Біз ұқсаймыз, бауырлас елдерміз. Сол себепті қазақтың баласы мен түріктің баласы арасында айырмашылық жоқ деп ойлаймын. Сіздің Қожа – біздің де Қожа. Біздің қожаларымыз сіздің де Қожаларыңыздай.
   Кітап таныстырылымынан кейін Неджип Фазыл атындағы драма театрында Бердібек Соқпақбаевтың повесінің желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» фильмінің көрсетілімі болды. Балалық шаққа саяхат жасаған түрік жастары Қожа образына ерекше тамсана тамашалады.
   Қазақстанның Түркиядағы елшілігі киноны түрік тіліне дубляж жасатып, болашақта Түркияның бас арналарына көрсетуді жоспарлап отыр. Салих Гюр, оқушы:
– «Менің атым Қожа» фильмі бізді басқа бір әлемге жетелеп әкетті. Қожаның мінез-құлқы өзге балалардай емес. Ол әрі аңғал, әрі алғыр. Ішкі жан дүниесі өте бай екен. Үнемі әділдік пен адалдықты ту етеді. Мұндай балалар қазір көп емес, бірақ ортамызда бар.
   Қазақстан мен Түркия арасында мәдени-гуманитарлық бағытта тығыз қарым-қатынас орнап, өзара ынтымақтастықтың көкжиегі жыл сайын кеңейіп келеді.
   Бір ғана «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елшіліктің қолдауымен қазақтың ақын-жазушыларының 20-дан туындысы түрік тіліне аударылып, түркиялық оқырман қауымның жоғары бағасына ие болды.


28 мамыр 2018 ж. 982 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области